2023 жылғы 1мусымынан 2024 жылғы 1маусымына дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Талдамалық анықтама

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің №87 өкімін орындау үшін 2024 жылғы 22 мамырдан бастап 2024 жылғы 05 маусым мен 2024 жылғы 30 маусым аралығында жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ – нің (бұдан әрі-аппарат) ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау (бұдан әрі-ішкі талдау) жүргізді.

Талданатын кезең: 2023 жылғы 1маусымынан 2024 жылғы 1маусымына дейін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы     № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіне ішкі талдау келесі критериялармен  жүргізілді:

1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша

2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша;

4) бюджет және қаржы қаражаттарын игеру және бөлу;

5) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;

6) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Аппарат) өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу кезінде ішкі талдау мыналарды көрсетті:

Аппараттың штат саны 10 штаттық бірлікті құрайды, нақты саны - 9 әкімшілік мемлекеттік қызметкер, уақытша бос жұмыс орны – 1.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау 2024 жылғы 02 сәуірде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы табыс етті.

Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі, мемлекеттік сатып алу, мүлікті, активтерді сатып алу не сату және т.б. кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы), лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талданатын кезенде аппарат мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

          2. «Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне құқық беру»

  1. «Елді мекендердің шегіне объект құрылысы үшін жер учаскесін беру»
  2. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату»
  3. «Жер учаскесін алуға кезектілікке қою туралы»
  4. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;
  5. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу».

2023 жылғы 01 маусымнан 2024 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы қаласы әкімінің аппараты» КММ 34 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 24-і жеке тұлғаларға, 10-ы заңды тұлғаларға көрсетілді

2023 жылғы 01 маусымнан 2024 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде аппарат атына 113 өтініш келіп түсті, оның 97-сі жеке және 16-сы заңды тұлғалардан.

Аппаратта мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесімен байланысты шектеулер сақталады, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтаумен байланысты тәуекелдердің туындау жағдайлары анықталған жоқ. Аппарат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық және әкімшілік істер жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, аппараттың функционалдық қызметіне қатысты заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту жүргізіледі.

Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

 

 

Дата публикации
05 июля 2024