Тайынша қаласы город Тайынша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 107/9 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7771066,3 мың теңге:
салықтық түсімдер - 2542501 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 56762 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 30000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5141803,3 мың теңге;
2) шығындар – 8513983 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 25091,9 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 51688 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 26596,1 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -768008,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 768008,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 489309 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 26596,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 305295,7 теңге.»;
мынадай мазмұнда 6-1 тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2023 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен 2024 жылға арналған аудандық бюджет шығыстары көзделсін.»;
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
|
|
|
|
|
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданды мәслихатының
төрағасы С. Бекшенов