Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ 2024 жылғы 1 тоқсанда 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Электронды үкімет» порталы арқылы – 4 мемлекеттік қызмет.
2024 жылдың 1 тоқсанында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»-2, «Электрондық Үкімет» порталы, геопортал жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетілді.
«Жер учаскесінің мақсатты бағытын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет - 2, қызмет көрсетушінің «электронды үкімет» www.egov.kz. ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетілді.
Қағаз түрінде: жер телімін жеке меншікке сату біржолғы не бөліп-бөліп, қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет - 1
1 мемлекеттік қызмет, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету санын арттыру мақсатында Тайынша қаласы әкімінің аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы» белсендірілді және ұйымдастырылды. 2024 жылғы 1 тоқсанда өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында мемлекеттік қызмет алушы саны-22.
Қала әкімінің аппаратымен қызмет алушылар арасында 100 астам кітапша тарату жөніндегі жұмыс жүргізілді. Сондай - ақ, шілдеде Facebook әлеуметтік желісінің парақшасында «СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп»- тақырыбында тікелей эфир өтті-691 қаралым, мемлекеттік қызмет көрсететін маман қаңтар айында Тайынша қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері үшін Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді, 6 қызметкер қатысты, қаңтарда интернет-конференция өткізілді, онда 6 сұрақ жолданды.
Тайынша қаласы әкімінің аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметтердің тізілімі, негізгі түсініктері, жалпы ережелері, сипаты және мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі іс-әрекет тәртібі көрсетілген стенд жаңартылған. Бланктер және өтініштердің үлгілерімен ақпаратты стөлдер көпшіліктің назарына мемлекеттік және орыс тілдерінде орнатылған.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Тайынша қаласының әкімі В. Шпаковский
