GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
02 сентября 2026
1 Қыркүйек Білім Күні
26 августа 2026
«Мектепке жол»

Айыртау ауданында 1 тамызда басталған жыл сайынғы жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қарқын алып келеді. Акция оқу жылының басталуына дайындық кезінде ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасылар мен балаларды қолдауға және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алуға бағытталған.

Ағымдағы жылдың тамыз айында жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан мектеп формасын сатып алу үшін жалпы сомасы 26,4 млн теңгеге біржолғы қаржылай төлемді 520 мектеп оқушысы алып үлгерді.

Акцияға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, жеке кәсіпкерлер және ауданымыздың жанашыр тұрғындары белсене қатысуда. Бюджеттен тыс көздерді тартудың арқасында бүгінгі таңда 100-ден астам оқушыға көмек көрсетілді.

«Халық Банкі» АҚ жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында 10 бірінші сынып оқушысына мектеп құралдары салынған рюкзактарды табыс етеді.

Жергілікті кәсіпкерлер мектеп оқушыларына арналған тауарлардың кең таңдауы қолжетімді бағамен ұсынылған сауда жәрмеңкелерін ұйымдастырды.

Барлық жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлер мен меценаттарды 30 қыркүйекке дейін жалғасатын акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

29 июля 2026
Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан басталады

https://youtu.be/w0Hyj1NlH7o?si=lTPH7TZ_2gP4sJKH

Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты

республикалық ақпараттық науқан басталады

Бүгінгі таңда  халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жаңылыстырады, бас бостандығынан айырады және заңсыз әрекеттерге қатысуға мәжбүрлейді.

Қанаудың бұл түрі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең тез таралатын қауіптерінің біріне айналуда. Адам саудасының құрбандары әр түрлі жастағы, кәсіптегі және білім деңгейіндегі адамдар болуда.

Қазіргі заманғы адам саудасы тек жыныстық қанау немесе мәжбүрлі жұмыс емес. Барған сайын адамдарды алаяқтық, киберқылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі саудасы, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысуға мәжбүрлейді.

Сондықтан алдын-алу қылмыстың осы түріне қарсы тұрудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

 

Адам саудасына қарсы іс – қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24-30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан өткізеді.   

Науқанның басты мақсаты – қоғамның назарын ұйымдасқан қылмыстың осы қауіпті түріне аудару, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, адамдарды тартудың заманауи тәсілдері және зардап шеккендерді мемлекеттік қорғау шаралары туралы айту.

​Науқанға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Апта ішінде бүкіл ел бойынша халықпен кездесулер, құқықтық консультациялар, профилактикалық материалдарды тарату және адам саудасының алдын алуға бағытталған басқа да науқандар өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жұмысқа орналасу туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады, әсіресе ол ақпарат шетелде жұмыс істеу туралы болса, құжаттарды бейтаныс адамдарға бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және адам саудасының ықтимал жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. 

Әрбір адам қырағылық таныту, сенімді ақпарат тарату және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдау арқылы бұл қылмыстың алдын алуға үлес қоса алады.

Адам саудасы қазіргі заманның маңызды сын-қатері болып қала береді, алайда мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерімен адамның қадір-қасиетін, бостандығын және әрбір адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғауға болады.

 

Жыл сайын 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтілетінін айта кету керек.

Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді.

 

Адам саудасы – ауыр қылмыс. Бей-жай қарамаңыз.

 

20 июля 2026
Құрметті ата-аналар!
16 июля 2026
2026 жылғы 9–11 шілде аралығында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық туристік слет өтті.

2026 жылғы 9–11 шілде аралығында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық туристік слет өтті.

Аталған жарыста Айыртау ауданын КММ «Елец орта мектебінің» оқушылары – Руслан Ролеф, Нұралы Болатов, Руслан Пачганов, Артем Татымов, Вадим Бортник, сондай-ақ КММ «Саумалкөл №1 орта мектебінің» оқушылары Милана Чайкина мен Аделина Вольф абыроймен таныстырды.

Жарыс барысында оқушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетіп, нәтижесінде жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді.

Жекелеген кезеңдер бойынша қол жеткізген нәтижелері:

* су дистанциясы – І орын;
* жартасқа өрмелеу – ІІ орын;
* кедергілер жолағы – ІІІ орын;
* желпуішті старт – ІІІ орын.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

16 июля 2026
2026 жылғы 15 шілде күні «Бір күн қалада» жобасы аясында

https://youtube.com/shorts/b_nwSVhZqH0?si=VXAhZYMgzLwEsC9j

2026 жылғы 15 шілде күні «Бір күн қалада» жобасы аясында Айыртау ауданының оқушылары Петропавл қаласына танымдық-мәдени саяхат жасады.

Бағдарламаға сәйкес балалар қаладағы көрікті орындарды аралап, экскурсияға қатысты. Сонымен қатар кинотеатрда қызықты фильм тамашалап, аквапаркте көңілді демалып, жазғы демалыстың жарқын сәттерін өткізді.
Бұл сапар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, жаңа әсерлер алуға және құрдастарымен қызықты уақыт өткізуіне үлкен мүмкіндік сыйлады. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен, жарқын әсерлермен және ұмытылмас естеліктермен оралды.
«Бір күн қалада» жобасы балаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың жан-жақты дамуына және мазмұнды демалуына өз үлесін қосуды жалғастыруда.

16 июля 2026
«Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобаларын іске асыру аясында

https://youtu.be/8WBofhZMNBU?si=SfXBKzcP0MQoSkKu

«Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобаларын іске асыру аясында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы қолайсыздықтың профилактикасы және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 шілдеде Айыртау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық полиция бөлімінің, білім бөлімінің, Айыртау ауданының Отбасын қолдау орталығының және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының қатысуымен әлеуметтік осал жағдайдағы отбасыларға, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасыларға, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар өгей әкенің тәрбиесінде болатын отбасыларға ведомствоаралық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізіліп, ата-аналардың (заңды өкілдердің) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауы тексерілді. Ата-аналармен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, отбасындағы қолайсыздықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша отбасыларға кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасау мәселелері бойынша ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде материалдарды Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолдау, сондай-ақ отбасыларға қажетті әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де көмекті ұйымдастыру және көрсету мәселелері қаралады.

28 мая 2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ!» мерекесіне шақырамыз!

🎉 Құрметті балалар мен ата-аналар!
🎈 Дорогие дети и взрослые!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ!» мерекесіне шақырамыз!
📍 Мәдениет үйі аланыңда / на площади дом культуры
📅 1 маусым / 1 июня
🕙 Сағат 10:00-де
Сіздерді қызықты ойындар, көңілді эстафеталар, ән мен би, тәтті сыйлықтар, флешмобтар және керемет көңіл-күй күтеді! 🥳🎶🎁
✨ Мерекелік концерт
✨ Балаларға арналған ойын алаңдары
✨ Сурет салу байқауы
✨ Қызықты конкурстар мен сыйлықтар

Келіңіздер, бірге күлейік, ойнайық, ән шырқайық!
Балалар күлкісі — әлемнің ең әдемі үні! ❤️
Баршаңызды көтеріңкі көңіл-күймен күтеміз!
💙 С любовью и заботой о вас – районный отдел образования!
💙 Сіздерге деген махаббат пен қамқорлықпен – аудандық білім бөлімі!

25 мая 2026
Оқу жылының аяқталуымен
14 мая 2026
КММ «Арықбалық орта мектебі» базасында 13–14 мамыр аралығында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне арналған Айыртау ауданының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойыны өткізілді.

КММ «Арықбалық орта мектебі» базасында 13–14 мамыр аралығында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне арналған Айыртау ауданының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойыны өткізілді.
Жарысқа 10 команда қатысты. Қатысушылар ММГ АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, Калашников автоматының оқжатарын уақытқа патрондармен жабдықтау, газтұмылдырық кию, плащ түріндегі жалпыәскери қорғаныс киімін кию, пневматикалық мылтықтан нысана ату, жүгіру және басқа да сайыс түрлерінен жоғары дайындық деңгейі мен шеберліктерін көрсетті.
Екі күнге созылған тартысты жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды СКСШ командасы, ІІ орынды ССШ №1 командасы, І орынды Нижнебурлукский КШЯС командасы иеленді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы