«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 14 мамыр күні Саумалкөл ауылындағы орталық алаңда аудан орталығы мектептерінің оқушыларының қатысуымен «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру болды.
Акция барысында Айыртау ауданы прокуратурасының прокуроры Айкенов Данияр Жеткеншекұлы оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілерінің жолда мұқият әрі тәртіпті болуының маңыздылығы туралы айтып өтті.
Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Ташев Азамат Маратұлы қатысушыларды жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарымен таныстырып, жолды қауіпсіз кесіп өту тәртібін, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарының маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану, жол жиегінде өзін дұрыс ұстау және жолдан өту кезінде ұялы телефон мен құлаққап пайдаланудың қауіптілігіне ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері қызметтік автокөліктің арнайы жарық және дыбыстық сигналдарын, сондай-ақ патрульдік автокөліктің дауыс зорайтқыш құрылғысының жұмысын көрсетті. Оқушыларға жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы, жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және балаларға арналған арнайы ұстап тұру құрылғыларын қолданудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.
Акция барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі екендігі ескертілді. Осындай профилактикалық іс-шаралар жастар арасында жауапкершілік, мұқияттылық және заңға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған акция оқу жылы бойы тұрақты түрде өткізіліп, балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алуға және халық арасында жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған.