Айыртау ауданының мектептерінде «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету мақсатында 9–11 сынып оқушылары үшін «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Аталған фильмдер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және есірткі заттарын қолдану мен тарату, буллинг және агрессия көріністеріне байланысты өзекті мәселелерді қамтиды.
Көрсетілімнен кейін мектептерде сыни ойлауды дамыту технологиясының элементтері қолданылған киноталқылаулар өткізілді. Талқылау барысында оқушылар өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, кейіпкерлердің әрекеттерін талдап, құқыққа қайшы іс-әрекеттердің ықтимал салдарын қарастырып, заңды сақтаудың маңыздылығы туралы қорытындылар жасады.
Өткізілген іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті дамытуға және күнделікті өмірде «Заң мен тәртіп» қағидасының маңыздылығын түсінуге ықпал етті.