2026 жылғы 30 наурызда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Айыртау ауданының прокуратурасымен аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігі және білім бөлімі бірлесіп «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында акция ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған іс-шараға аудан орталығындағы жалпы білім беретін мектептердің 8–10 сынып оқушылары қатысып, жалпы қамтылуы шамамен 150 адамды құрады.
Іс-шара барысында Айыртау ауданының прокуроры Құсайынов Данияр Сүлейменұлы оқушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Айыртау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ташев Азамат Маратович жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын түсіндірді.
Өз кезегінде, Айыртау ауданы полиция бөлімі ӘПҚ қызметінің инспекторлары қатысушыларға көрсетілімдік іс-шаралар ұйымдастырып, практикалық дағдыларды көрсетті.