Алғысымыз шексіз!
08 шілде Қарақамыс мектебінің оқушылары ерекше қуанышқа бөленді! Қамқоршылық кеңестің мүшесі, Қарақамыс ауылының тумасы, қоғам белсендісі Шураев Арман ағаның қолдауының арқасында балалар әр жыл сайын "Аurora Garden"жазғы демалыс орталығына барып, ұмытылмас сәттерді бастан өткереді. Арман ағаның игі дәстүрі биыл да жалғасын табуда. Қарақамыс НМ 10 оқушысы мен 3 мұғалімі демалыс орталығына жол тартты. Бұл – тек демалыс емес, жаңа достық, шабыт, жарқын естеліктер!
Осындай игі іске атсалысып, оқушылардың армандарын жүзеге асыруға себепкер болған демеуші Шураев Арманға Қарақамыс мектебі шын жүректен алғысын білдіреді. Сіздің жанашырлығыңыз бен қамқорлығыңыз әр баланың жүрегінде сақталары сөзсіз!