2026 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бірлескен кеңесі өтті.
Жұмыс кеңесіне Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаментінің директоры Нұржан Малаев және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Әсет Жылқыайдаров төрағалық етті. Кеңеске Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында су көлігіндегі көлік оқиғаларын тергеп-тексеру және олардың алдын алу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Қатысушылар уәкілетті органды уақтылы хабардар ету талаптарын, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ су көлігіндегі көлік оқиғаларын толық әрі уақытылы тергеп-тексеруді қамтамасыз етудегі жедел ақпарат алмасудың маңызын талқылады.
Сонымен қатар, тергеп-тексерілуге жататын су көлігіндегі көлік оқиғалары бойынша статистикалық деректер және олардың орын алу себептерін талдау нәтижелері ұсынылды. Оқиғалар санының артуы байқалатын су объектілеріне ерекше назар аударылды. Ұсынылған материалдар тәуекел факторларын анықтауға және шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін арттыру бойынша қосымша профилактикалық шараларды әзірлеуге бағытталды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көліктегі көлік оқиғаларын тергеп-тексеру жүйесін жетілдіруді және көліктегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды жалғастыруда.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің директоры Нұржан Малаевтың төрағалығымен өтті, оған Азаматтық авиация комитетінің, «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ның, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның, «Қазаэронавигация» РМК-ның, «Қазақстанның шағын авиация қауымдастығы» ЗТБ (КАМА) және «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» ЗТБ (ЭЛИСА), әуежайлар мен әуекомпанияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Аталған өзгерістерге сәйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі функциялар «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ға берілді.
Мемлекеттік органдар, Орталық және азаматтық авиация субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ұйымдастыру, заңнамалық нормаларды практикалық іске асыру, сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кеңес барысында Департаменттің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу жөнінде қабылданып жатқан шаралардың негізгі үрдістері, тәуекел факторлары мен тиімділігі қаралды.
Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде шағын авиация (жеңіл және аса жеңіл авиация) саласындағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қатысушылар шағын авиация субъектілеріне қойылатын талаптарды, қолданыстағы қауіпсіздік нормалары мен стандарттарының сақталуын, мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіруді, сондай-ақ пайдаланушылар мен авиациялық персоналдың жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша авиация саласы субъектілерінің өзара іс-қимылын жетілдіруге, ұшу қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуға, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар айқындалды.
Канаданың Монреаль қаласында қазақстандық делегацияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының міндетін атқарушы, ИКАО Әуе көлігі бюросының (ATB) директоры Мұхамед Рахмамен кездесуі өтті.
Қазақстандық делегация құрамына Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, «Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Басқарма төрағасы Дархан Қатышев, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдері кірді.
ИКАО делегациясының құрамында ИКАО Аэронавигация бюросының (ANB) аэронавигация және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі директордың орынбасары Паскаль Лучиани, ИКАО ANB мониторинг, қадағалау және үйлестіру жөніндегі директордың орынбасары Серкан Симитчиоғлу, ИКАО Әлеуетті дамыту және енгізу бюросы директорының орынбасары Мигель Марин, сондай-ақ ИКАО хатшылығының қызметкерлері болды.
Кездесу барысында қазақстандық делегация жаңадан құрылған Орталықтың қызметі мен алдағы даму жоспарларын таныстырды.
Орталық – ТМД мемлекеттері арасында ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру үшін құрылған алғашқы мамандандырылған органдардың бірі.
Кездесу қорытындысы бойынша Орталық пен ИКАО арасында Қазақстандағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі жаңа органның институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған келісімге қол қойылды.
Келісім тергеу органының техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды көздейді. Жоба аясында ИКАО-ның білікті сарапшылары Орталықтың қолданыстағы мүмкіндіктеріне бағалау жүргізіп, тергеушілерді даярлау қажеттіліктеріне талдау жасайды және зертхананы заманауи жабдықтармен әрі техникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлейді. Сондай-ақ ИКАО аудиті барысында анықталған ескертулерді жоюға және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексерудің ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударылады.
Орталықтың ИКАО-мен бірлескен жұмысы ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, тергеп-тексерудің заманауи әдістері мен технологияларын енгізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және халықаралық авиациялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.
Орталық алдағы уақытта да халықаралық стандарттарды енгізу, тергеушілердің кәсіби құзыреттерін арттыру және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеудің заманауи ұлттық жүйесін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
2026 жылғы 8 мамырда Астана – Франкфурт бағыты бойынша KZR921 рейсін орындау кезінде «Air Astana» АҚ-ның EI-KGJ тіркеу нөмірлі Airbus A321 әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.
Астана әуежайынан ұшып шыққаннан кейін әуе кемесінің экипажы қозғалтқыштардың бірінің істен шығуына байланысты PAN-PAN шұғыл дабылын жариялады. Осыған байланысты экипаж Ақтөбе қаласының қосалқы әуежайына қону туралы шешім қабылдады.
Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы, оның ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ экипаждың 9 мүшесі болған.
Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:34-те штаттық режимде қонды. Экипаж әуе кемесінің жедел пайдалану жөніндегі анықтамалығында (QRH – Quick Reference Handbook) көзделген рәсімдерге сәйкес әрекет етті. Қонғаннан кейін әуе кемесі тұрақ орнына өздігінен жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың авариялық-құтқару және тиісті жерүсті қызметтері жұмылдырылды.
Авиациялық оқиға әуе кемесінің күштік қондырғысындағы техникалық ақауға байланысты болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес аталған авиациялық оқиға ауыр инцидент ретінде жіктеліп, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тергейтін болады.
Алғашқы іс-шараларды жүргізу және ақпарат жинау мақсатында авиациялық оқиға орнына Департамент қызметкерінің баруы жоспарлануда.
Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 48-ші сессиясы алғаш рет Тәжікстан аумағында Тәжікстан Республикасы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Хабибулло Назарзоданың төрағалығымен өтті.
Іс-шара қатысушыларына Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Әзім Иброхим құттықтау сөз сөйледі. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев басқарды. Сессия жұмысына қатысушы мемлекеттердің өкілдері ретінде Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкин, Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрінің орынбасары Армен Симонян, Өзбекстан Республикасы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің авиация департаментінің директоры Игорь Голуба, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) басшылығы қатысты.
МАК баяндамасына сәйкес, 2025 жылы авиациялық жұмыстар мен тасымалдардың барлық түрлері бойынша ұшу қауіпсіздігінің абсолюттік көрсеткіші (31 авиациялық оқиға) 2024 жылмен салыстырғанда (46 авиациялық оқиға) айтарлықтай жақсарған.
Алдын ала бағалау бойынша, 2025 жылы жұмыстың барлық түрлері бойынша «адами факторға» байланысты авиациялық оқиғалар шамамен 70%-ды құрайды. Келісімге қатысушы мемлекеттердің коммерциялық азаматтық авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен апаттар бойынша ұшу қауіпсіздігінің салыстырмалы көрсеткіштері 2021–2025 жылдар кезеңіндегі ең үздік нәтижені көрсетті.
Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы ИКАО талаптарына сәйкес келетін алғашқы ұйым саналатын «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ-ның даму тұжырымдамасын таныстырды.
Сессия алаңында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.
Кеңестің 48-ші сессиясының қорытындысы бойынша қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.
Анықтама: Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі – МАК) посткеңестік мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы қызметін үйлестіру үшін 1991 жылғы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы үкіметаралық Келісімнің (бұдан әрі – Келісім) негізінде құрылған.
МАК - Келісімді іс жүзінде іске асыруды жүзеге асыратын, авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) жұмысын және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық атқарушы орган болып табылады. Келісімге қатысушы мемлекеттер өздерінің өкілетті өкілдері арқылы МАК жұмысына қатысады және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Келісімге қатысушы мемлекеттер: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тасымалдау процесіне қатысушылардың, қосалқы қызметтердің және заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен салалық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын тергеп-тексеруді реттейтін қолданыстағы нормативтік базаны, сондай-ақ ұйымдардың ішкі құжаттарын жетілдіру мәселелері қаралды.
Айта кету қажет, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар тергеп-тексеру тиімділігін арттыруға, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқиғалардың себептерін талдау мен олардың алдын алу бойынша заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Барлық тасымалдау процесіне қатысушылар мен қосалқы қызметтер үшін тергеп-тексеру жүргізуде бірыңғай тәсілді қолдану және талаптарды үйлестіру мәселелеріне, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибені енгізуге ерекше назар аударылды.
Осы бағыттағы жұмыс келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, жыл бойы жалғасатын болады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментімен 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын шығару және транспорттық оқиғаларға қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында азаматтық авиация ұйымдары, тасымалдау процесіне қатысушылар және қосымша қызметтер теміржол көлігінде, су көлігінің өкілдері, ведомстволар мен құзырлы органның аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы құзырлы ұйым өкілдерімен кеңес өткізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Департаменттің тергеп-тексеруіне жататын көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғалар статистикасы 2024 жылмен салыстырғанда әуе көлігінде (42-ден 35-ке дейін) және теміржол көлігінде (16-дан 7-ге дейін) көрсеткіштердің төмендегенін, ал су көлігінде (3-тен 9-ға дейін) оқиғалардың артқанын көрсетеді.
Кеңес барысында 2025 жылдағы көліктік оқиғалардың тән үрдістері бойынша алдын ала талдау ұсынды. Аяқталған тергеп-тексерулердің себептері мен ықпал етуші факторлары талқыланды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берілген ұсынымдар негізінде профилактикалық шараларды іске асыруды көздейтін іс-шаралар жоспарларының орындалуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (Бас көлік прокуратурасы, Ішкі істер, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері) өкілдерінің қатысуымен жеке кеңес өткізілді. Қол жетуі қиын жерлерде (таулы аймақтар, акваториялар және т.б.) орын алған көлік оқиғалары кезінде жедел әрекет етуге дайындық және өзара іс-қимыл мәселелері, оқиға орнын қоршаудың және себептерін анықтау үшін ерекше маңызы бар заттай дәлелдемелерді сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланды.
Сонымен бірге, кеңес барысында Бас көлік прокуратурасының бастамасымен Көлік министрлігінің, Көліктегі полиция департаментінің және Әділет министрлігінің қолдауымен әзірленген «Азаматтық авиация саласындағы әуе апаттарын тергеп-тексеру әдістемесі: тәжірибе, мәселелер, шешімдер» атты әдістеме таныстырылды. Аталған құжат бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруға және жауапты мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған, бұл құқық қорғау органдары тарапынан да, азаматтық авиация саласындағы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тарапынан да тергеп-тексерулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес қатысушыларына Көлік министрлігі жүргізіп жатқан авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жүйесін трансформациялау туралы ақпарат та ұсынылды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттары мен ұсынылатын тәжірбиесіне сәйкес тәуелсіз және тиімді тергеп-тексеру жүйесін қалыптастырудың жаңа тәсілін көздейтін «Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ өз жұмысын бастайды.
Тәжірибе алмасу және үздік әлемдік тәжірбиені енгізу мақсатында 2025 жылы Департамент Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерінің тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органдарымен Өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойды.
Халықаралық стандарттарды сақтау және үздік әлемдік тәжірибені зерделеу негізінде Көлік министрлігі ағымдағы жылы көлік оқиғаларын тергеп-тексеру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
Кеңес қорытындысы бойынша көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру барысында елеулі үлес қосқаны және ынтымақтастығы үшін бірқатар мемлекеттік органдар мен көлік саласының қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік және формальдылықтарды оңайлату жөніндегі аудитінің қорытындысы бойынша, 2–14 қыркүйек аралығында Қазақстанда өткізілген тексеру нәтижесінде халықаралық ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 95,7%-дық жоғары көрсеткішіне қол жеткізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Бұл 2017 жылғы 83% көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсім болып табылады. Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестік деңгейі бойынша әлемнің үздік 20 елінің қатарына енді.
Аталған нәтиже авиация саласының барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысы, жоғары кәсіби деңгейі және тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылының арқасында мүмкін болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің атынан авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі және ИКАО аудитінен сәтті өткені үшін алғыс хаттарды Көлік вице-министрі Талғат Ластаев табыс етті.
Марапатталғандар:
Дәрібеков Батихан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Әбілов Талғат Қаратайұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің басқарма басшысы;
Қатышев Дархан Маратұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары;
Өмірәлиев Бауыржан Ойратұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
Евадилла Мұхамедияр Әлішерұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің Авиациялық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы;
Шәріпбаев Жәнібек Азатұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры – Басқарма мүшесі;
Қаңлыбаев Данияр Оңласынұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры;
Ким Всеволод Вячеславович – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Формальдықты оңайлату, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсету департаментінің директоры;
Әділбекұлы Дәулетбек – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары;
Ахметов Ерік Тоқшылықұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаменті авиациялық қауіпсіздікті қадағалау және бақылау басқармасының басшысы;
Төлешов Марат Сәбитұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы;
Сүлеев Ғабит Нығметұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімінің бастығы;
Бектұрсынов Санжар Байбосынұлы – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Вице-президенті – Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Көлік-министрі Нұрлан Сауранбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталғандар:
Иманбаев Дулат Талғатұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының штабы әскер қызметі бөлімінің бастығы;
Жүсіпов Ринат Болатұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Біріккен Ұлттар Ұйымы басқармасының бірінші хатшысы;
Тұрубаев Қанат Хамидоллаұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті басқармасының бастығы;
Ртищев Павел Владимирович – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Апуов Адылет Даниярұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Батталов Ерлан Серікжанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Даньяров Ерлан Кильденұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Ахметқалиев Максат Оралқанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Дубаев Марат Хасанұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлік полициясы департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы (Полиция полковнигі);
Жұмажанов Алихан Бейсенбайұлы- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлік полициясы департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы (Полиция подполковнигі);
Малаев Нұржан Сәрсенбайұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің директоры;
Қабанбаев Рүстем Ержанатұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы;
Тойбеков Алихан Әділханұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімшесі бастығы;
Рахимбеков Ануар Нұрланұлы – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары;
Марсеитова Дания Қалдыбекқызы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсатнама бюросының бастығы;
Veysel Karani Ozokcu – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Президентінің авиациялық қауіпсіздік бойынша аға кеңесшісі;
Жакашова Қаламқас Әшірбекқызы – «Эйр Астана» АҚ Вице-президенті;
Ислямов Аян Ерикович – «Казаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары;
Аугалиев Женис Алтынханович – «Казаэронавигация» РМК бас директорының кеңесшісі;
Акимов Денис Константинович – «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жүйелерді сүйемелдеу және дамыту басқармасының бастығы;
Оспанов Тимур Төлегенұлы – «QAZAQSTAN IDENTITY SECURITY» ЖШС Бас директоры;
Бәйдібекова Жанна Александровна - «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ Бас аудиторы;
Табиров Ілияс Бақытұлы - «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ аға бортсерігі;
Лесхан Берік Есенханұлы - «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігігі;
Лупундюк Ирина Владимировна – «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ Астана желілік станциясының аға өкілі;
Казанцева Светлана Юрьевна – «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ Нұсқаушы-бортсерігі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы туралы конвенцияның (бұдан әрі – ИКАО) 13-қосымшасының 6.6-стандартына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 94-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаның жылдығына орай Аралық хабарлама дайындады.
Аралық хабарлама ҚР Көлік министрлігінің сайтында жарияланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/aitid/documents/details/941670?lang=kk).
ИКАО-ның 13-қосымшасының ережелеріне сәйкес авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудің бір ғана мақсаты болашақта осындай жағдайлардың алдын алу. Бұл қызметтің мақсаты қандай да бір тұлғаның кінәсі немесе жауапкершілік дәрежесін анықтау болып табылмайды.
Сонымен қатар, Комиссия жүргізіп жатқан авиациялық оқиғаны тергеп-тексерумен қатар, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтеміз.
Осы ретте, ИКАО-ның 13-қосымшасының 5.4.1-стандартына сәйкес, осы Қосымшаның ережелеріне сай жүргізілетін кез келген тергеп-тексеру қандай да бір тұлғаның кінәсі немесе жауапкершілік дәрежесін анықтауға бағытталған сот немесе әкімшілік іс жүргізуден бөлек жүргізіледі.
Қағидалардың 97-тармағының ережелеріне сәйкес, тергеп-тексеруге қатысушылар авиациялық оқиғаның мән-жайларына қатысты барлық ақпаратты ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған түзету шараларын немесе әрекеттерді жүргізу мақсатында пайдалана алады. Тергеу аяқталғанға дейін тергеудің барысы туралы ақпарат бөгде тұлғаларға жария етілмейді.
Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді аяқтаудың түпкілікті мерзімдері барлық тағайындалған зерттеулер мен жұмыстардың аяқталу мерзімдеріне байланысты болады. Оқиғаның себебі(-тері) және/немесе ықпал еткен факторлар туралы қорытындылар, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ұсынымдар Түпкілікті есепте баяндалатын болады.
Дубай әуесалонында әлемдік жетекші ұшақ өндірушілері Boeing, Airbus және De Havilland компанияларымен келіссөздер өтті. Кездесудің негізгі күн тәртібі жаңа ұшақтарды, сондай-ақ отандық әуе компанияларына қажетті қосалқы бөлшектерді уақтылы жеткізуді талқылау болды.
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары кезінде коммерциялық келісімдерге қол қоюы, Көлік министрлігі мен ұшақ өндірушілері арасындағы тікелей ынтымақтастық және отандық әуе компанияларының жаңа ұшақтарды сатып алуы Қазақстан Республикасымен авиациялық серіктестіктің дамуының жаңа кезеңін белгілейді.
Boeing компаниясының сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Пол Ригли Air Astana әуе компаниясына 787 Dreamliner ұшақтарының алғашқы жеткізілімдері 2026 жылдың шілдесінде, ал Vietjet Qazaqstan (Qazaq Air) әуе компаниясына 737 MAX 8 ұшақтарының алғашқы жеткізілімдері 2026 жылдың қыркүйегінде болатынын хабарлады. Қазіргі уақытта жеткізу кестесінде ешқандай кідірістер жоқ.
Өз кезегінде, Көлік министрлігі ұшақтың уақтылы жеткізілуі Нью-Йорк пен Сингапурға жаңа ұзақ қашықтыққа қатынайтын бағыттарды жеделдетіп ашуға ықпал ететінін атап өтті.
Airbus вице-президенті Чарбел Юзкатли Қазақстанда техникалық орталық ашуды қарастыруға дайын екенін білдірді және жүк тасымалын кеңейтуге қызығушылық танытты.
De Havilland ел қалалары арасындағы қашықтықты ескере отырып, Қазақстан ішіндегі аймақтық рейстер үшін пайдалануға болатын жаңа ұшақ түрін іске қосқанын хабарлады.
Сонымен қатар, SCAT Dubai AirShow 2025 көрмесінде тіркеу нөмірі UP-B3746 Boeing 737 MAX 8 ұшағын таныстырды. Бұл оқиға отандық әуе компанияларының әлемдік деңгейде дамуының жаңа кезеңін белгіледі. Дубай әуе көрмесіне келушілер қазақстандық ұшақпен еліміздің мәдени көрікті жерлерін зерттеу мүмкіндігіне ие болды.