Авиациялық оқиға – әуе кемесін пайдалануға, кез келген кезеңде ұшуды қамтамасыз етуге және орындауға, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуге немесе оны сақтауға байланысты кез келген оқиға;
Адамдар өлімі болған авиациялық оқиға (апат) – жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің біреуінің өліміне немесе хабарсыз жоғалып кетуіне әкеп соқтырған авиациялық оқиға.
Адам шығынынсыз болған авиациялық оқиға (авария) – адам шығынынсыз болған немесе жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің біреуінің жоғалуына әкеп соқтырмаған авиациялық оқиға;
Елеулі авиациялық оқыс оқиға – әуе кемесінің пайдалану барысында авиациялық оқиғаның жоғары ықтималмен болуы, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында болған жағдай;
Оқыс оқиға - ұшу кемесін пайдалануға байланысты және оның қауіпсіздік пайдалануына әсерін тигізетін авиациалық оқиғаға қатысы жоқ оқиға;
Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің жалғыз мақсаты - болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу. Бұл қызметтің мақсаты ешкімнің кінәсінің немесе жауапкершілігінің үлесін белгілеу емес.
3.1 Туындаған салдардың ауырлығына қарай авиациялық оқиғалар төмендегідей бөлінеді:
Адамдар өлімі болған авиациялық оқиға – Апат.
Тергеп-тексеру мерзімі - 36 ай*
Адам шығынынсыз болған авиациялық оқиға – Авария.
Тергеп-тексеру мерзімі - 12 ай*
* Егер авиациялық техниканы зерттеуді және сынақтан өткізуді жүргізу тергеп- тексеру үшін белгіленген мерзімі ішінде мүмкін болмаса, Комиссия төрағасының өтініші бойынша тергеп-тексеру мерзімі мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен зерттеу жүргізуді аяқталғанға дейін ұзартылады.
3.2 Авиациялық оқыс оқиғалар туындаған салдарының ауырлығына қарай төмендегідей бөлінеді:
Елеулі оқыс оқиға. Тергеп-тексеру мерзімі - 3 ай
Оқыс оқиға. Тергеп-тексеру мерзімі - 1 ай
*Тергеп-тексеру мерзімін ұзартуға Комиссия төрағасының сұрауы бойынша тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша комиссияны тағайындаған басшының рұқсатымен жол беріледі.
Пайдаланушы (азаматтық авиация ұйымы) тергеп-тексеру мерзімін ұзартуды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, негізделген мән- жайлар жағдайында дербес жүзеге асырады.
Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес,
Авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында авиациялық оқиғаға тергеп-тексеру жүргізетін мемлекет, қысқа мерзімде және мүмкін болса он екі айдың ішінде Түпкілікті есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Егер Түпкілікті есепті он екі айдың ішінде жариялай алмайтын болса, тергеп-тексеруді жүргізетін мемлекет оқиғаның әр жылдығына орай тергеп-тексеру барысын толық көрсете отырып, оның ішінде ұшу қауіпсіздігіне қатысты кез келген мәселелер туралы ақпаратты қоса алғанда, аралық хабарламаны жариялап отырады.
4.1 Уәкілетті органның авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі

4.2 Уәкілетті органның елеулі авиациялық оқыс оқиғаны және оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі

4.3 Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық инцидентті тергеп- тексеруді жүргізу тәртібі

*Тергеп-тексерудің толық тәртіптері Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығында көрсетілген.