Меню

Страницы

Статья

Заңнамаға өзгерістер енгізу

         Заңнамаға өзгерістер енгізу

Халықты әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін, ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында мемлекеттік қызметтерді алушылар арасында әлеуметтік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Еліміздің барлық өңірлеріндегі осал санаттар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін біріздендіру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы 89-тармақты орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін айқындау және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары аяқталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы                     №523 қаулысына сәйкес азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызудың келесі 3 негізі алып тасталды:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы және пробация қызметінің есебінде болуы;

егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмауы;

жетім болуы және ата-ана қамқорлығының болмауы.

Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік көмек түрлері ақшалай көмек нысанында біріктірілді, атап айтқанда:

ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүру шығындарын өтеу;

емделуге және сауықтыруға арналған көмек;

тіс протездеу қызметтерінің ақысын төлеуге арналған әлеуметтік көмек.

"СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің

жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "

КММ басшысы                                                                                 Е. Қазбеков

                                                                                                                         

 

 

Дата публикации
25 мая 2026
Дата обновления
25 мая 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
07 августа 2026
Атаулы әлеуметтік көмек – мұқтаж жандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау
Мақалалар
10 июля 2026
Қамқоршылықты белгілеу тәртібі әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандар
Хабарлама
25 мая 2026
Заңнамаға өзгерістер енгізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы