«Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта туралы»
Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Инклюзивті қоғамды қалыптастыру жағдайында мемлекет азаматтардың денсаулық жағдайына қарамастан тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Инфрақұрылымның, көліктің, ақпарат пен қызметтердің қолжетімділігі қағидаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік интеграциясына бағытталған.Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция Қазақстан Республикасында 2015 жылғы ақпанда ратификацияланды. Оның негізгі мәні – мүмкіндігі шектеулі адамдардың барлық санаттары дербес өмір сүруге және қоғам өмірінің барлық салаларына қатысуға мүмкіндік алуы тиіс. Осы ауылдық жерлерде әмбебап кедергісіз ортаны қалыптастыру қажет.Соңғы жылдары мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар қоғамның толыққанды мүшелері болып танылады және басқа азаматтармен тең құқықтар мен бостандықтарға ие. Оларға білім алу, еңбек ету, еркін жүріп-тұру, мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу құқықтары жатады. Алайда бұл құқықтарды іске асыру қоршаған ортаның қолжетімділігіне тікелей байланысты.Бейімдеу – бұл мүгедектігі бар адамдардың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған және басқа да) ескеруге бағытталған шаралар кешені. Ол объектілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді қамтиды, атап айтқанда: кіреберіс топтарының, қозғалыс жолдарының, халыққа қызмет көрсету аймақтарының, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, автотұрақ орындарының және ақпарат құралдарының қолжетімділігі. Кедергісіз орта – бұл мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қозғалатын топтары үшін физикалық, ақпараттық және әлеуметтік-психологиялық кедергілер жоқ немесе барынша азайтылған өмір сүру ортасы. Мұндай орта әртүрлі бұзылыстары бар (физикалық, сенсорлық немесе зияткерлік) адамдардың еркін қозғалуына және объектілерді пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл олардың тәуелсіз өмір сүруіне және қоғамның толыққанды мүшесі болуына жағдай жасайды. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар инфрақұрылым объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық жарыстарға және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге құқылы. Мұндай азаматтарды оңалту және әлеуметтік интеграциялау мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 2013 жылдан бастап кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жоспарлары бекітіледі. Осы жұмыстар шеңберінде ғимараттар мен аумақтарды халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып жаңғырту іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Объектілерді салу және бейімдеу бойынша негізгі ұсынымдар мыналарды қамтиды:
1. Еңісі 1:12-ден аспайтын және ені кемінде 1,2 м пандустар орнату;
2. Екі жағынан биіктігі 0,7–0,9 м болатын, қабырғадан қашықтығы кемінде 6 см тұтқалар орнату;
3. Тұтқалардың көлденең дөңгелектелген ұштарының ұзындығы кемінде 0,3 м болуы;
4. Пандус алдында дөңгелек тірегіштер орнату;
5. Қоңырау (шақыру түймесі) орнату;
6. Ашық баспалдақтардың ені кемінде 1,35 м болуы;
7. Сатылардың биіктігі 0,12 м-ден аспауы;
8. Баспалдақ алдында ескерту тактильді жолақтарының болуы;
9. Есіктердің ені кемінде 0,9 м болуы;
10. Мөлдір есіктерге 1,2–1,5 м биіктікте контрастты белгілер қою;
11. Табалдырық биіктігінің 2 см-ден аспауы;
12. Ішкі үй-жайларда бағыттаушы тактильді жолақтар орнату;
13. Санитариялық тораптарды жабдықтау (ені кемінде 1,65 м, тереңдігі кемінде 2 м);
14. Дәретханалар мен раковиналарды тұтқалармен жабдықтау;
15. Ғимаратта «Объект қолжетімді» белгісін орналастыру;
16. Автотұрақ орындарын мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы белгілермен белгілеу.
Аталған талаптар СТ РК 3846-2023 «Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігі» стандартымен белгіленген және объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік мекемелерге бару, қызметтер алу немесе қоғамдық өмірге қатысу кезінде кедергілерге тап болмауы тиіс. Қолжетімді ортаны қалыптастыру – бұл тек нормативтік талаптарды сақтау ғана емес, сонымен қатар қоғам дамуының көрсеткіші. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Негізгі мақсат – мүгедектігі бар адамдарға барлық мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар объектілерге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету, олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына және өмір сапасының артуына ықпал ету.
Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Е.Қазбеков