Айыртау ауданында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 шешіміне сәйкес Айыртау ауданында «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары» бекітілді.
Осы Қағидалар әлеуметтік көмекті көрсету тәртібін, алушылар санаттарын, төлем мөлшерлерін, сондай-ақ оны алу үшін өтініш беру шарттарын айқындайды.
Әлеуметтік қолдауға мұқтаж деп танылатын азаматтар санаттары.
Әлеуметтік көмек төмендегі негіздердің біреуі болған жағдайда көрсетіледі:
Табиғи апат немесе өрт салдарынан мүлікке залал келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көрсету шарттары:
Әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)-43250 теңге мөлшерінде бір рет көрсетіледі:
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға;
қарттық жасына байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын адамдарға.
табиғи апаттан немесе өрттен зардап шеккендерге – тұрғын үйдің меншік иелерінің біріне 100 АЕК-432500 теңге (оқиға болған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей);
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – жылына бір рет 10 АЕК-43250 теңге;
туберкулезбен ауыратын (диспансерлік есепте тұрған) адамдарға – қосымша тамақтануға ай сайын 6 АЕК-25950 теңге;
қатерлі ісіктері бар адамдарға – жылына бір рет 10 АЕК-43250 теңге;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға – жылына бір рет 10 АЕК-43250 теңге;
АИТВ жұқтырған балалары бар ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне – күтім және қосымша тамақтану үшін ай сайын 2 күнкөріс минимумы- 101702 теңге.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:
тіс протездеу қызметтеріне ақы төлеу (қымбат металдардан және металл-керамикадан жасалған протездерді қоспағанда) – шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісі ұсынылған жағдайда;
санаторий-курорттық емдеу – жылына бір рет (растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда);
коммуналдық қызметтер мен отын шығындарын өтеу – ай сайын 2 АЕК- 8650 теңге ;
госпитализация орнына барып-қайту жол шығындарын өтеу – жылына бір рет, Қазақстан Республикасы аумағында (теміржол көлігі – плацкарт, жолаушылар автокөлігі, таксиден басқа).
I топтағы мүгедектігі бар адамдарға:
санаторий-курорттық емдеу кезінде ілесіп жүретін адамға арналған шығындар кепілдендірілген соманың 70 % мөлшерінде (тұру және тамақтану үшін, емдеу рәсімдерін есепке алмағанда) растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда өтеледі.
Өтініш беру тәртібі
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
Өтінішті қарау мерзімі – құжаттардың толық пакеті тіркелген күннен бастап 8 жұмыс күні.
Әлеуметтік көмектің мөлшері әрбір нақты жағдайда Айыртау ауданының арнайы комиссиясымен айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар тізбесі туралы толық ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында және ақпараттық стендтерде орналастырылған.
Кеңес алу үшін байланыс телефоны: 8 (71533) 2-12-98.
«Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Е.Қазбеков