Мемлекеттік қызмет: іс-әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін иеленуге рұқсат беру
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет бекітілді:
«Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған азаматтардың атына келіп түскен мүлікке иелік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді шешіп алуға және олардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі.
Қызмет екі негізгі түрді қамтиды:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі және келесі тәсілдермен қолжетімді:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы;
Электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы.
Қызмет көрсету мерзімі - құжаттар тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін.
Мүлікке иелік етуге, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді шешіп алуға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар:
Мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін қажет құжаттар:
2), 3), 4), 6) және 8) тармақтарында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы, уәкілетті лауазымды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат түрінде сұратылады.
Егер мәліметтер жоқ болса немесе сәйкес келмесе, өтініш беруші құжаттарды өз бетінше ұсынады.
eGov.kz порталы арқылы өтініш берген жағдайда, құжаттар электрондық көшірме түрінде қоса тіркеледі.
Қызметтің мақсаты:
Бұл мемлекеттік қызметтің енгізілуі әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі азаматтардың мүліктік және қаржылық құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.
Енді мұндай тұлғалардың атынан жүргізілетін барлық маңызды қаржылық операциялар мен мүліктік мәмілелер уәкілетті органдардың келісімінсіз жүзеге асырылмайды. Бұл ашықтықты, заңдылықты қамтамасыз етіп, үшінші тұлғалар тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алады.
Байланыс үшін:
Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, СҚО
Анықтама телефоны: 8 (71533) 22-720
Қабылдау уақыты: 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00–14:30
"Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" КММ басшысы: Е.Қазбеков