ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ
Халықтың осал топтары коммуналдық шығындардың бір бөлігін өтеуге мүмкіндік алады. Мұндай тетік мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету шеңберінде көзделген.
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді. (жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс және т. б.). Негізгі шарт алушының меншігінде Қазақстан Республикасының аумағында бір ғана тұрғын үй болуы не мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (тең жалға алушы) болуы тиіс.
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға олардың коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығындары айлық табысының белгіленген нормасынан асқан жағдайда көрсетіледі. Бұл норма табыстың 5%-ын құрайды.
Мысалы, егер отбасының немесе жеке азаматтың орташа айлық табысы 100 мың теңге болса, ал коммуналдық шығындары 10 мың теңгені құраса (яғни табыстың 5%-ынан артық), онда ол азамат жергілікті бюджет қаражатынан айырмашылықты өтеу үшін тұрғын үй көмегін алуға құқылы. Бұл шаралар тұрғын үй көмегін алушыларды қамтуды кеңейтуге және аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда жиынтық кіріс бойынша және өнім берушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан тоқсанына бір рет тағайындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
1) Мемлекеттік корпорация:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алименттер туралы мәліметтер;
Банктік шот;
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
Коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) "электрондық үкіметтің"Веб-порталы:
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;
балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шоттың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
электрондық көшірме байланыс қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді, атап айтқанда тұрғын үй қорын пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынатын жалақы мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап дәлелді бас тарту туралы жауап 6 (алты) жұмыс күні құрайды.
Тұрғын үй көмегі Екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы ақшалай нысанда көрсетіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 21414 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Е.Қазбеков