Әлеуметтік қызметтер порталы –
қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерге жаңа қадам
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар аясында Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Бұл – мүгедектігі бар азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін заманауи автоматтандырылған жүйе.
Портал арқылы не алуға болады?
Протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар;
Арбалар (кресло-коляскалар);
Жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтері;
Санаторий-курорттық емделу.
Портал қалай жұмыс істейді?
Портал интернет-дүкенге ұқсас, бірақ маңызды ерекшеліктері бар:
Қол жеткізу тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады;
Қолжетімді құралдар мен қызметтердің тізімі сіздің жеке абилитация және оңалту бағдарламасына (ЖОАБ) сәйкес қалыптастырылады;
Пайдаланушы тек ЖОАБ-та ұсынылған тауарлар мен қызметтерді көреді;
Әр құралдың бірнеше жеткізушісі болуы мүмкін және олардың бағалары әртүрлі;
Мемлекет құнның кепілдендірілген бөлігін төлейді, ал қаласаңыз қымбаттырақ нұсқаға қосымша ақы төлей аласыз.
Артықшылықтары:
Жылдамдық: оңалту құралдары бірнеше айдың орнына 14 күн ішінде жеткізіледі;
Ыңғайлылық: тапсырысты үйден шықпай-ақ, «бір терезе» қағидасы бойынша ресімдеуге болады;
Ашықтық және әділ бәсекелестік: жеткізушілер арасында әділ таңдау мүмкіндігі;
Жеке көзқарас: әр пайдаланушының қажеттіліктерін ескеріп, оның ЖОАБ-да бекітілген қызметтерге жылдам қол жеткізу.
Егер тапсырысты өзіңіз рәсімдеу қиындық тудырса, жұмыспен қамту бөлімінің мамандарына жүгінуге болады.
Маңызды ақпарат:
Порталда жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану үшін ЭЦҚ-ны алдын ала алуды ұсынамыз.
Әлеуметтік қызметтер порталы – бұл шынайы көмек, оңалтуға тең қолжетімділік және мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың ашық жүйесі.
Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Е.Қазбеков