Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұруға арналған арнайы құралдармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары - Премьер-Министрдің орынбасарының 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады («Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұруға арналған арнайы құралдармен, оның ішінде оларды ауыстыру мерзімдерімен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»).
Қызмет көрсету тәсілдері:
Қызмет көрсету мерзімдері:
Мемлекеттік корпорация немесе жұмыспен қамту бөліміне жүгінген жағдайда – құжаттар тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
Проактивті түрде – қызмет алушының келісімі алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
Күту және қызмет көрсету уақыты:
ХҚКО-да: күту – 15 минутқа дейін, қызмет көрсету – 15 минутқа дейін;
Жұмыспен қамту бөлімінде: күту – 30 минутқа дейін, қызмет көрсету – 30 минутқа дейін.
Қызмет көрсету нысаны:
Қағаз түрінде;
Электрондық (жартылай автоматтандырылған);
Проактивті түрде.
Қызмет көрсету нәтижесі:
Мүгедектігі бар адамға техникалық көмекші (жүріп-тұру) құралдарын ұсыну бойынша құжаттардың ресімделуі туралы хабарлама;
Хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына, электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке жіберіледі немесе дәлелді бас тарту беріледі;
Қызмет тегін көрсетіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
ХҚКО немесе жұмыспен қамту бөліміне жүгінгенде:
Еңбек жарақатынан немесе кәсіби аурудан мүгедек болған адамдар үшін қосымша талап етіледі:
Қалған мәліметтер (тұрақты тіркеу, мүгедектік мәртебесі, ЖИАР шаралары және т.б.) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электронды түрде сұратылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Өтініш қабылдау уақыты:
Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады:
Бөлімнің интернет-ресурсында;
Уәкілетті органның ақпараттық стендтерінде;
Ресми ақпарат көздерінде.
Анықтама үшін байланыс телефоны:
8 (715) 33-2-12-98
"Айыртау ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" КММ басшысы Қазбеков Е. К.