Мемлекеттік қызмет
"Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
құжаттарды ресімдеу".
Халықты әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды бағыты болып табылады. Бұл жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі-тұрақты қолдау мен үйде күтімді қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну. Осы бап үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін құжаттарды ресімдеу бойынша қызметтер көрсету процесін жария етуге бағытталған.
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ресімдеу тәртібі мынадай құжаттармен реттеледі:
1.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілген "Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
2.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген үйде қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты.
Үйде күтім жасау жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер:
1) психоневрологиялық патологиясы бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға беріледі
1.Өтініш беру тәсілдері:
1.Электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz.
2.Жергілікті атқарушы органдарға: "СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ
3."Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) арқылы.
Мемлекеттік корпорацияға немесе тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде қаралады.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: бірінші қажеттіліктегі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және үйге жеткізуге, пештерді жағуға, отын, көмір және су жеткізуге, тұрғын үй-жайларды жинауға, заттарды жууға, тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге жәрдемдесу, тамақ дайындауға көмектесу, үйден тыс жерде ілесіп жүру, денсаулық жағдайы бойынша күнделікті рәсімдерді орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды сатып алу және жеткізу, дәрігерді үйге шақыру, Денсаулық сақтау ұйымына сүйемелдеп, бірге ілесіп бару, емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: психологиялық қолдау көрсету, түзету іс-шараларын жүргізу. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: оқыту мен дамытуға жәрдемдесу, бос уақытты ұйымдастыру. Әлеуметтік-еңбек қызметтері: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлау.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер: демалыс іс-шараларын ұйымдастыру, түрлі мәдени және демалыс іс-шараларына тарту және сүйемелдеп,бірге ілесіп бару.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: жәрдемақы, зейнетақы алуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету.
Үйде күтім жасау үшін "Мемлекеттік қызметтер" арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ресімдеу қажетті қолдауға қол жеткізуді жеңілдетеді. Бұл -тұрақты көмекке мұқтаж азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады және әлеуметтік қызметтермен тиімдірек өзара әрекеттесуге ықпал етеді.
Туындаған сұрақтар бойынша 8 (715-33) 22-720 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз
" СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " КММбасшысы Е. Қазбеков