" ЕГОВ " порталы арқылы атаулы әлеуметтік
көмекке жүгіну тәртібі
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша карьерлік Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша карьерлік орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді.
Консультациялардан кейін өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін портал арқылы жүгіне алады, өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде қажетті мәліметтерді алу үшін, электрондық өтінішті қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сын куәландырады және портал атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы электрондық өтінішті уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.
Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "Жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған "портал" арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
3) барлық отбасы мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеудің болуы.
Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтініш өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауысады.
Толық ақпарат алу үшін "СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 42, тел: 21-4-14.