"Мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін ұсыну
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ) - протездік-ортопедиялық құралдар-аурудың немесе денсаулықтың зақымдануының салдарынан ағзаның бұзылған немесе жоғалған функцияларын өтейтін, аяқ-қолдардың немесе дененің басқа бөліктерінің орнын басатын құралдар;
сурдотехникалық құралдар-есту қабілетінің бұзылуын түзетуге және өтеуге арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар-көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде мүгедек адамдардың жоғалған мүмкіндіктерін түзетуге және өтеуге бағытталған техникалық құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық қажеттіліктер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы);
2) көрсетілетін қызметті берушінің ("Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) электрондық үкіметтің веб-порталы;
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген кезде - құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап-қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күні;
Проактивті қызмет көрсету кезінде-келісім түскен күннен бастап-бес жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – 30 минут. Өтініш берушіге мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз, проактивті, электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мүгедек адамдарға техникалық көмекші құралдарды (жүріп - тұру құралдары-арбалар), өтініш берушінің абоненттік нөміріне не ЭҮП "жеке кабинетіне" (электрондық үкімет порталына) ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не дәлелді бас тарту болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік корпорацияда және жұмыспен қамту бөлімінде:
1) мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық-көмекші (компенсаторлық)құралдарды беруге өтініш (бұдан әрі-қағидалар);
2)оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектігі бар адам жүгінген кезде нотариаттық куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамның сенімхаты.
Еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды алуға өтініш берген кезде қосымша мәліметтер сұратылады:
1) мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен еңбек мертігуі немесе кәсіптік ауруы алынған заңды тұлғаны тарату туралы. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, Мемлекеттік корпорацияларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы, ИПАР әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер;
1) өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық екендігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, нысандардың, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Өтініштерді қабылдау:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, мемлекеттік корпорация (ХҚКО) дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
2) көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін,дүйсенбіден жұмаға дейін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Бөлімнің интернет-ресурсында, уәкілетті органның стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 8(715)33-21298 телефоны арқылы алуға болады.
Айыртау ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Е. Қазбеков