Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

Мемлекеттік қызмет көрсету

«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

 

         Мемлекеттік қызмет көрсету «Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

         Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы);

2) көрсетілетін қызметті берушінің («Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) электрондық үкіметтің веб-порталы;

4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

 - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген кезде-құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап-бес  жұмыс күні;

 - Проактивті қызмет көрсету кезінде-келісім түскен күннен бастап-бес  жұмыс күні;

         Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – 30 минут. Өтініш берушіге мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – 30 минут.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз, проактивті, электрондық (ішінара автоматтандырылған).

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі санаторий-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (өтініш берушінің абоненттік нөміріне не ЭҮП «жеке кабинетіне» (электрондық үкімет порталына) не дәлелді бас тарту болып табылады.

Қызмет тегін көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияда және жұмыспен қамту бөлімінде:

1) мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу беру қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар)2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу беруге өтініш (бұдан әрі-қағидалар);

2)оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) мүгедектігі бар адам жүгінген кезде нотариаттық куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамның сенімхаты.

         Мүгедектігі бар адамдардың еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан шипажай-курорттық ем алуына өтініш берген кезде қосымша мәліметтер сұратылады:

1) мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

2) жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен еңбек мертігуі немесе кәсіптік ауруы алынған заңды тұлғаны тарату туралы. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, Мемлекеттік корпорацияларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы, ИПАР әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1)өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Өтініштерді қабылдау:

1) Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) дүйсенбіден жұмаға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне сәйкес;

2)  көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Бөлімнің интернет-ресурсында, уәкілетті органның стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

         Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 8(715)33-21298 телефоны арқылы алуға болады.

 

Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің  басшысы                                                             Е.Қазбеков

 

 

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
07 августа 2026
Атаулы әлеуметтік көмек – мұқтаж жандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау
Мақалалар
10 июля 2026
Қамқоршылықты белгілеу тәртібі әрекетке қабілетсіз кәмелетке толғандар
Хабарлама
25 мая 2026
Заңнамаға өзгерістер енгізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы