Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ 2025 жылғы 3 тоқсанына Аналитикалық ақпараты
2025 жылдың 3-тоқсанында «Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 341 өтінім келіп түсті, оны» 341-і орындалды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 67 өтінім келіп түсті, оның 67-і орындалды, оның ішінде 3 бас тарту жағдайы тіркелді:
Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу – 2 өтінім, 2 орындалды;
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу – 1 өтінім, 1 орындалды;
Еңбекші иммигранттарға рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 66 өтінім, 66 орындалды, оның ішінде 3 бас тарту.
Электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы 135 өтінім келіп түсті, оның ішінде -135, оның ішінде 85 бас тарту:
Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу – 6 өтінім, 6 орындалды;
Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге құжаттарды ресімдеу – 4 өтінім, 4 орындалды;
Арнайы қозғалу құралдарымен қамтамасыз ету – 1 өтінім, 1 орындалды;
Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету – 2 өтінім, 2 орындалды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 122 өтінім, 122 орындалды, оның ішінде 85 бас тарту.
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 139 өтінім келіп түсті, 139 өтінім көрсетілді, оның ішінде 39 бас тарту:
Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу – 6 өтінім, 6 орындалды;
Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету (SMS арқылы ПРОАКТИВ) – 1 өтінім, 1 орындалды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (екінші деңгейлі банктер арқылы) – 57 өтінім, 57 орындалды, оның ішінде 39 бас тарту;
Протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге құжаттарды ресімдеу (SMS арқылы ПРОАКТИВ) – 1 өтінім, 1 орындалды;
Техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 7 өтінім, 7 орындалды;
Техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету (SMS арқылы ПРОАКТИВ) – 16 өтінім, 16 орындалды;
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 41 өтінім, 41 орындалды;
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу-3 түсті, 3 көрсетілді;
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу – 6 өтінім, 6 орындалды;
Есі дұрыс емес немесе іс әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған азаматтардың атынан есепшотқа түскен зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді басқаруға, мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат беру – 4 өтінім, 4 орындалды.
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың қызмет сапасын арттыру мақсатында үш оқыту семинары (всеобуч) өткізілді.
Халықтың әлеуметтік қолдау шаралары мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде ақпараттандыру мақсатында, 2025 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар:
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» тақырыбында мақала жарияланды. Онда арнайы әлеуметтік қызметтердің түрлері, көрсетілу тәртібі мен осы қызметтерге құқығы бар азаматтар санаты кеңінен түсіндірілді.
«Әлеуметтік қызметтер порталы – қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерге жол» атты мақала жарық көрді. Бұл мақалада әлеуметтік қызметтерді цифрлық форматта алу сервистерінің енгізілуі, өтінім берудің жеңілдетілген тәртібі мен мемлекеттік процестердің ашықтығы артуы баяндалды.
«Тұрғын үй көмегі» атты ақпараттық мақала жарияланды. Онда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету шарттары түсіндірілді.
Аталған барлық материалдар КММ-нің ресми сайтында жарияланған: https://www.gov.kz/memleket/entities/airtau-ozsp/activities/48998?lang=kk
Әлеуметтік желілердегі жұмыс:
БАҚ-та жарияланған мақалаларға қосымша, бөлім маманы тарапынан Facebook әлеуметтік желісінде:
«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» тақырыбында бейнежазба жарияланды.
Сілтеме: https://www.facebook.com/100023345002854/videos/648659961645087/
ЖҚжӘББ басшысы Е. К. Қазбеков
орын: Брюханова О. В.
Тел: 87153322400