«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет – «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»КММ.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2024 жылы барлығы 1524 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
* Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы-416 қызмет, ол 27,2 құрады%;
* электронды түрде электрондық үкімет E-gov арқылы -591/38,8 %;
* жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде – 465/ 30,5%;
* проактивті форматта -22 қызмет көрсетілді /1,4 %;
* екінші деңгейдегі банктер арқылы -30 қызмет / 2,0%.
Олардың ішінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* мемлекеттік атаулы көмекті тағайындау-419;
* жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 376,
* мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 287.
1)Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бөлімнің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары мен стандарттарына мемлекеттік және орыс тілдерінде, жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне, мемлекеттік қызметтер тізбесіне, сілтемелермен, Q-кодтармен, көрсету бойынша жауапты мамандардың телефон нөмірлеріне сілтемелер, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлім қызметінің есебі орналастырылған. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілік уақтылы ұсынылады.Бөлімде мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар, онда көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде қызметті дербес немесе бөлім қызметкерінің көмегімен ала алады. Көрсетілген Q-кодтары бар орналастырылған қағидалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бар стендтер, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға құқықтары және шағымды тіркеуге жауапты тұлға көрсетілген шағымдар кітабы бар. Бөлімде халыққа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін жағдайлар (кіре берісте пандус, тактильді жолақтар, бағыттаушы белгілер, шақыру түймесі, қызмет алушылар үшін үстелдер, күтуге арналған орындықтар). жасалған Азаматтардың ұсыныстарына арналған жәшік бар, тоқсан сайын аудандық «Айыртау таңы» газетіне сенім" телефондары жарияланады, бөлім басшысы мен басшысының орынбасары азаматтарды қабылдау жұмыс күндері бекітілген кестеге сәйкес апта сайын жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: бөлімнің сайтында бөлімнің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметін жария талқылау туралы хаттама орналастырылған.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (2024 жыл ішінде бөлімнің facebook парақшасында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар орналастырылды, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы дөңгелек үстел өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі) өткізілді
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
бөлім материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етілген, «МО АЖО ХҚКО ИАЖ», «Е-Собес» ААЖ, «СТС баж», «Еңбек нарығы», «Шетелдік жұмыс күші», «Әлеуметтік қызметтер порталы», «Aleumet» және «Socium» ақпараттық жүйелерінің базалары енгізілген және жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар: мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес белгіленген мерзімде көрсетіледі және бөлім басшысының тұрақты бақылауында болады. Ай сайын қолданыстағы заңнама нормалары бойынша және заңнамалық актілердегі өзгерістер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтары өткізіледі, аудандық газеттерде мақалалар жарияланады. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жалпы құқықтық оқытудың 9 сабағы өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мақсатында бөліммен аудандық «Айыртау таңы» газетіне, «Айыртауские зори» газетіне 14 мақала жарияланды.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру:
бөлім мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының жобаларын талқылау кезінде ұсыныстар енгізеді.
Бөлімде көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ай сайынғы мониторинг жүргізіледі. 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
«Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Қазбеков Е.Қ.