Халықты әлеуметтік қорғау
2024 жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 57563,0 мың теңге сомасында бюджет бекітілді, оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 44120,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 13443 мың теңге.
01.01.2025 жылғы жағдай бойынша 50452,3 мың теңге сомасына 142 отбасына 702 азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға 7110,0 мың теңге сомасында аз қамтылған отбасылардың 202 баласына қосымша төлемдер төленді. (1 балаға 5538 теңге есебінде)
2024 жылы мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге - 852,9 мың теңге сомасына 10 отбасыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл жоспарланғанның 100% құрайды.
2024 жылы жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегі төленді-1 отбасыға 33,1 мың теңге. Игерілуі 100 %.
2024 жылға ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандарына отын сатып алуға жергілікті бюджеттен 1734 адам 12803,9 мың теңге сомасына біржолғы әлеуметтік көмек бөлінді.
Әлеуметтік серіктестік
Ауданда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстарында әлеуметтік әріптестік мәселелер жөніндегі кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары тыңдалады.
Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 15 отырысы өткізілді.
Әлеуметтік әріптестікті нығайту және дамыту, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамдық келісімді нығайту үшін 2024 жылғы 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі, Айыртау ауданының жұмыс берушілері және Айыртау ауданының кәсіптік одақтары арасында 2024-2026 жылдарға арналған келісім жасалды.
Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді іске асыру, жалдамалы жұмыскерлерді құқықтық қорғау, еңбек қатынастары тараптарының мүдделерін барынша есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ауданда 217 Ұжымдық шарт немесе 100% ( мұнда, оның ішінде ірі кәсіпорындар арасында жасалған -100% (1 кәсіпорын), орта -100% ( 13 кәсіпорын), шағын -203.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбек шарттарын тіркеу бойынша 643 ұйым мен кәсіпорын жұмыс жүргізді, оның ішінде алғаш рет - 61 - 19166 шарт енгізілді, оның ішінде - 10651 шарт бұзылды, қосымша–935 келісім енгізілді.
Аудан кәсіпорындарымен 508 меморандум жасалды:
- бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша-32 Меморандум;
- бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша-147 Меморандум;
- өндірістік процестер, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, босатылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша-244 Меморандум;
- «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталында бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша-72 Меморандум;
- пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды және бас бостандығынан айрылған адамдарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқыту бойынша-13 меморандум.
24 жылға арналған «Әрбір 10000 тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» индикаторы бойынша жоспар бойынша 194 жұмыс орнын құрайды. Нақты саны 202 жұмыс орны құрылды, бұл 104,1 % құра20йды.
Адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу
2024 жылға арналған мүгедектікпен.
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квоталары - 2 квота (СҚО әкімдігінің 28.11.2023 жылғы № 228 қаулысы)
Мүгедектігі бар адамдар үшін квота орындалды - 2 адам "Ключи"ЖШС-де слесарь және «Баянтай» ЖШС-де учаске бастығы.
2024 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталары-4 квота (СҚО әкімдігінің 04.12.2023 жылғы № 236 қаулысы):
01.07.2024 жылға пробация қызметінің есебінде болу желісі бойынша квотаны орындау-«Саумалкөл-Жылу» ЖШС-де 1 адам және «Баянтай» ЖШС-де 1 адам жұмысшы болып жұмысқа орналастырылды;
01.04.2024 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар бойынша квотаны орындау «Саумалкөл-Жылу» ЖШС-де 1 адам жұмысшы болып, «Баянтай» ЖШС-де учаскенің электрикі болып 1 адам жұмысқа орналастырылды.
2024 жылы консультативтік кеңесші органның 4 отырысы өткізілді.
31.12.2024 жылғы жағдай бойынша: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 2 адам келді, УО-ға 2 адам жүгінді, тұрақты жұмыс орындарына 0 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде квота бойынша 2 адам, квотадан және меморандумнан тыс 0 адам, жастар практикасы бойынша 0 адам, өз бетінше 0 адам жұмысқа орналастырылды.
Пробация қызметінің есебінде - 53 адам, УО - ға 10 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 0 адам, қоғамдық жұмыстарға 6 адам, жастар практикасы бойынша 0 адам, 2 адамквота бойынша, квотадан тыс-2 адам, 45 адамөз бетінше жұмысқа орналасты.
Атаулы және мерекелік күндерге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Айыртау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2024 жылға арналған Бюджет 61404,5 мың теңгені құрайды, 202 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 61404,0 мың теңге сомасына көмек көрсетілді, оның ішінде:
- «Ауғанстан мен басқа мемлекеттердің аумағынан әскерлерді шығару күні» қарсаңына 15 ақпанға дейін 7070, 0 мың теңге сомасына 44 адамға көмеккөрсетілді.
- «Халықаралық әйелдер күні» қарсаңына8 наурызға дейін 16558,9 мың теңге сомасына 631 адамға көмеккөрсетілді;
- 7-мамыр «Отан қорғаушылар күні» - 55,3 мың теңге сомасына 3 адамға;
- 9-мамыр «Жеңіс күні» - 2360,5 мың теңге сомасына 126 адамға;
- 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» - 5611,8 мың теңге сомасына 145 адамға;
- 29 тамыз - «Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні» - 3488,9 мың теңге сомасына 27 адамға.
- Қазақстан Республикасының «Конституция күні» 30-тамызына-701,0 мың теңге19 адамға.
- туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға-2768,1 мың теңге сомасына 18 адамға;
- пробация қызметінде есепте тұрған 4 адамға -147,6 мың теңге сомасына;
- өрт және табиғи апат салдарынан-4430,4 мың теңге сомасына 12 адамға;
- табиғи апат (су тасқыны) салдарынан - 2584,4 мың теңге сомасында 7 адамға;
- тіс протездеуге-760,2 мың теңге сомасына 11 адамға;
- коммуналдық қызметтерге-5826,0 мың теңге сомасына 67 адамға;
- әлеуметтік маңызы бар ауруларға-7900,8 мың теңге сомасына 214 адамға;
- шипажай-курорттық емделуге-1111,0 мың теңге сомасына 6 адамға;
- емдеуге жатқызу орнына дейін жол жүруге-29,2 мың теңге сомасына 2 адам;
- әлеуметтік маңызы бар адамдарға-73,8 мың теңге сомасына 2 адамға көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту
Мүгедектігі адамдарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуы үшін жағдай жасауға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл қолдау оңалту құралдарын ұсынуды, қол жетімді ортаны қамтамасыз етуді қамтиды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылы бюджеттен 120204,0 мың теңге бөлінді. 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша -120107,0 мың теңге игерілді.
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мынадай құралдармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген:
гигиеналық құралдармен-159 адам 388 құрал;
шипажай-курорттық емдеу-26 адам;
протездік-ортопедиялық көмек - 40 адам 65 құрал;
тифло-техникалық құралдармен-7 адам 23 құрал;
сурдо-техникалық құралдармен - 6 адам 12 құрал;
арнайы көлік құралдарымен - 15 адам 25 арба креслосы.
Бүгінгі таңда интерактивті қолжетімділік картасында ауданның 88 әлеуметтік маңызы бар нысаны орналасқан. Бейімделуге жататындардың жалпы саны 2023-2027 жылдары - 71 объект;
2023-2024 жылдары бейімделуге жатады -26 объект, оның ішінде объектілер саны, 2024 жылға арналған кесте жоспарына сәйкес15 объект.
Жалғызбасты қарттар мен мүгедек адамдарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды және психикалық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарды әлеуметтік қорғау.
Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қолдауға мұқтаж азаматтардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Ауданда үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер зейнеткерлік жасқа толған 243 қарт адамға және мүгедектігі бар адамдарға, 14 мүгедек балаға және 18 жастан асқан мүгедектігі бар 5 балаға көмек көрсетіледі, оның ішінде жыл басынан бері жалғызбасты және жалғыз тұратын азаматтарға 51 адам, 2 мүгедектігі бар бала, 2 мүгедектігі бар адам анықталып, 18 жастанүйде қызмет көрсетуге қабылданды, әрекетке қабілетсіз азаматтарға 57 қамқоршымен жұмыс жүргізілуде.
Әлеуметтік қызметтерді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандартында көзделген көлемде және түрлерде қарттар мен мүгедек адамдарға күтім жасау жөніндегі 43 әлеуметтік қызметкер және мүгедек балаларға арналған 5 әлеуметтік қызметкер ұсынылды.
Жыл басынан бері 7 адам Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығына; 2 адам Тайынша «Надежда» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, 16 адамБешкөл ауылындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына жіберілді. Петропавл қаласына психоневрологиялық патологиясы бар ОАО-ға 1 мүгедек бала, 1 адам Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді .
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жалғызбасты және жалғыз тұратын 163 азаматтың отбасынаоның ішінде Арықбалық, Новокрайнка, Лобаново, Имантау, Горный, Светлый, Нижний–Бурлук ауылдарына және Саумалкөл ауылы бойынша 19 мүгедек азаматтыңотбасынаүйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлер барады.
Ауылдық округ әкімдерімен жалғыз және жалғыз тұратын азаматтарды қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына анықтау және ресімдеу және үйде қызмет көрсету бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Жыл ішінде Айыртау ауданында тұратын 57 қамқоршыға бақылау жүзеге асырылады, оның ішінде ағымдағы жылы әрекетке қабілетсіз 5 адамдарға қорғаншылық тағайындалды және 5 азаматқа куәлік берілді.
Халыққа мемлекеттік қЖеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
01.01.2025 жылғы жағдай бойынша бөлімге жеке және заңды тұлғалардың 19 өтініші, оның ішінде жеке тұлғалардың 11 өтініші және 3 заңды, 5 жеке қабылдау келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралды, заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
Айыртау ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
басшы Е.Қазбеков
Орынд.: О.В.Брюханова
Тел.: 8(71533) 22400
airtau-ozsp@sko.gov.kz