«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 1 қазандағы жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2026 жылдың  1 қазандағы жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

Жұмыспен қамту саласы

 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 463 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар – 550 адам, орындалуы 84,2 %.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 727 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар – 950 жұмыс орны, орындалуы 76,5 %, оның ішінде:

- ауыл шаруашылығы саласында – 437 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар – 551 жұмыс орны, орындалуы 79,3 %;

- жеке кәсіпкерлік саласында – 150 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар – 190 жұмыс орны, орындалуы 79 %;

- құрылыс саласында – 0 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар – 0 жұмыс орны, 0 %;

- өнеркәсіп саласында – 0 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар – 0 жұмыс орны, 0 %;

- басқа салаларда (көлік және қоймалау, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тамақтану) – 140 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар – 209 жұмыс орны, орындалуы 67 %.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 362 адамды құрайды.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 160 жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

- жаңа тұрақты жұмыс орындарына – 114 адам;

- қоғамдық жұмыстарға – 97 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 15 адам;

- жастар практикасына – 30 адам;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 0 адам.

Ұлттық жобалар шеңберінде жоспарға сәйкес 15 жоба бойынша 70 жұмыс орнын, оның ішінде 49 уақытша және 21 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 53 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 76 % құрайды.

Әрбір 10 000 тұрғынға 100 жұмыс орнын құру көрсеткіші бойынша 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 96 жұмыс орны құрылды, жоспар – 178, орындалуы 54 %.

Халықты әлеуметтік қорғау

 2026 жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 42 000,0 мың теңге көлемінде нақтыланған бюджет қарастырылған (ТОХ – 29 400,0 мың теңге, МБ – 12 600,0 мың теңге).

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 66 отбасыға, 325 азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 24 250,1 мың теңге төленді.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 87 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер ақшалай түрде 2 909,0 мың теңге көлемінде төленді (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың әрқайсысына 1,5 АЕК – 6 487 теңге).

2026 жылға үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың оқу шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге 1 338,0 мың теңге көлемінде бюджет бекітілді.

Жыл басынан бері үйде оқитын мүгедектігі бар балалары бар 10 отбасының шығындары 674,8 мың теңге көлемінде өтелді (тоқсанына 9 АЕК – 35 388 теңге).

2026 жылы жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін төлеуге 105,0 мың теңге бөлінді.

2026 жылға ауылдық жерде тұратын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандарына отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге 15 951,0 мың теңге көлемінде бюджет қарастырылған.

Әлеуметтік әріптестік

 Ауданда 2026 жылға әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмыс жоспары бекітілді.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырыстарында кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша тыңдалады.

Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 3 отырыс өткізілді.

Аудан кәсіпорындарымен барлығы 508 меморандум жасалды, оның ішінде:

- бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша – 32 меморандум;

- бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша – 147 меморандум;

- өндірістік процестер, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және қысқартылған жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша – 244 меморандум;

- «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталында бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша – 72 меморандум;

- пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау бойынша – 18 меморандум.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі Координациялық кеңестің 3 отырысы өткізілді.

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №320 қаулысымен 2026 жылға 5 жұмыс орны квотасы бекітілді, оның ішінде:

- пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін – 3 квота;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін – 2 квота.

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар келесі кәсіпорындарда белгіленді:

- «Баянтай» ЖШС – 1 адам, 2026 жылғы 27 наурыздан бастап жүргізуші лауазымына жұмысқа орналастырылды;

- «BIG Строй» ЖШС – 1 адам, 2026 жылғы 26 мамырдан бастап әртүрлі жұмыстарды атқарушы жұмысшы лауазымына жұмысқа орналастырылды;

- «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС – 1 адам, 2026 жылғы 27 тамыздан бастап механизатор лауазымына жұмысқа орналастырылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар келесі кәсіпорындарда қарастырылды:

- «Баянтай» ЖШС – 1 адам, 2026 жылғы 9 маусымнан бастап слесарь лауазымына жұмысқа орналастырылды;

- «BIG Строй» ЖШС – 1 адам, 2026 жылғы 29 маусымнан бастап әртүрлі жұмыстарды атқарушы жұмысшы лауазымына жұмысқа орналастырылды.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №319 қаулысымен 2026 жылға жұмыс орындарының жалпы санының 2-ден 4 %-ға дейінгі мөлшерінде, ауыр жұмыстардағы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары квотасы белгіленді.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота «Баянтай» ЖШС-не белгіленді – 2 адам. Оның ішінде:

- 1 адам 2026 жылғы 1 сәуірден бастап механизатор лауазымына;

- 1 адам 2026 жылғы 9 маусымнан бастап күзетші лауазымына жұмысқа орналастырылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 6 адам есепте тұр, жұмыспен қамту бөліміне көмек алу үшін 0 адам жүгінді. 1 адам жұмысқа орналастырылды.

Пробация қызметінде 44 адам есепте тұр. Оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту бөліміне 8 адам жүгінді, оның ішінде 6 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді:

- тұрақты жұмыс орындарына – 3 адам, оның ішінде квота бойынша – 1 адам;

- қоғамдық жұмыстарға – 3 адам.

Есте қаларлық және мерекелік күндерге, сондай-ақ мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету

2026 жылғы  1 қазандағы жағдай бойынша аудан аумағында 6 644 зейнеткер, оның ішінде 1 069 мүгедектігі бар адам, соның ішінде 115 мүгедектігі бар бала тұрады.

Айыртау ауданы мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы №8-9-2 «Айыртау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2026 жылға арналған бюджет 78 242,0 мың теңгені құрайды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1 224 адамға 57 557,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде:

- 15 ақпан – Ауғанстан Республикасынан және басқа мемлекеттерден әскерлерді шығару күніне орай – 42 адамға 6 357,8 мың теңге;

- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай – 552 адамға 16 737,5 мың теңге;

- 26 сәуір – Чернобыль апаты құрбандарын еске алу күніне орай – 26 адамға 3 935,8 мың теңге;

- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай – 2 адамға 43,3 мың теңге;

- 9 мамыр – Жеңіс күніне орай – 77 адамға 1 678,1 мың теңге;

- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай – 117 адамға 5 211,6 мың теңге;

- 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай – 117 адамға 2 530,1 мың теңге;

- тіс протездеуге – 3 адамға 333,0 мың теңге;

- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне санаторийлік-курорттық емделуге – 1 адамға 216,3 мың теңге;

- өрт және табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге – 11 отбасына 5 190,0 мың теңге (200 АЕК – 865 000 теңге);

- коммуналдық қызметтерді төлеуге – 66 адамға 5 122,6 мың теңге (ай сайын 2 АЕК – 8 650 теңге);

- туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға – 13 адамға 1 715,6 мың теңге (ай сайын 6 АЕК – 25 950 теңге);

- әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісік аурулары) бар адамдарға – 188 адамға 8 096,1 мың теңге (10 АЕК – 43 250 теңге, біржолғы);

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – 1 адамға 43,3 мың теңге (10 АЕК – 43 250 теңге, біржолғы);

- пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға – 8 адамға 346,0 мың теңге (10 АЕК – 43 250 теңге, біржолғы).

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту

Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуы үшін жағдай жасауға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Бұл қолдау оңалту құралдарымен қамтамасыз етуді және қолжетімді ортаны қалыптастыруды қамтиды.

2026 жылы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 119 091,0 мың теңге бөлінді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қаражат 108 951,3 мың теңге көлемінде игерілді.

Іс-шараларды іске асыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдар келесі құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілді:

- гигиеналық құралдар – 122 адам, мәлімделген қажеттілік – 386 құрал, нақты қамтамасыз етілгені – 359 құрал, қамтамасыз ету деңгейі 93,0 %;

- жүріп-тұру құралдары – 14 адам, мәлімделген қажеттілік – 18 кресло-арбалар, нақты қамтамасыз етілгені – 15 кресло-арба, қамтамасыз ету деңгейі 83,3 %;

- протездік-ортопедиялық көмек – 17 адам, мәлімделген қажеттілік – 62 құрал, қамтамасыз етілгені – 37 құрал, қамтамасыз ету деңгейі 59,7 %;

- тифлотехникалық құралдар – 5 адам, мәлімделген қажеттілік – 26 құрал, нақты қамтамасыз етілгені – 20 құрал, қамтамасыз ету деңгейі 77,0 %;

- санаторийлік-курорттық емдеу – мәлімделген қажеттілік 33 адам, қамтамасыз етілгені – 17 адам, қамтамасыз ету деңгейі 51,5 %;

- сурдотехникалық құралдар – 4 адам, мәлімделген қажеттілік – 11 құрал, нақты қамтамасыз етілгені – 6 құрал, қамтамасыз ету деңгейі 66,67 %.

Барлығы: әлеуметтік қолдаудың әртүрлі шараларымен 195 адам қамтылды. Бұл ретте мәлімделген қажеттілік 536 құралды, қамтамасыз етілгені 454 құралды құрады. Жалпы қамтамасыз ету деңгейі 84,7 % болды.

2026 жылға арналған қолжетімді ортаны бейімдеу жоспарына 16 нысан енгізілген:

КММ «Аксенов орта мектебі», КММ «Воскресенов негізгі мектебі», КММ «Зарин негізгі мектебі», КММ «Златогор орта мектебі», КММ «Қарақамыс негізгі мектебі», КММ «Комаров негізгі мектебі», КММ «Константинов мектеп-бөбекжай-бақша кешені», КММ «Қызыл-Аскер орта мектебі», КММ «Лавров орта мектебі», КММ «Төменгі Бұрлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені», КММ «Өскен негізгі мектебі», КММ «Шұқырлық негізгі мектебі», КММ «Қамсақты ауылдық округі әкімінің аппараты», КММ «Гусаков ауылдық округі әкімінің аппараты», КММ «Гусаков орта мектебі», «Қазақтелеком».

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 3 нысан бейімделді:

- КММ «Аксенов орта мектебі»;

- КММ «Златогор орта мектебі»;

- КММ «Гусаков ауылдық округі әкімінің аппараты».

КММ «Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» жалғызбасты және жалғыз тұратын азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 223 зейнеткерге, 17 мүгедектігі бар адамға және 6 мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетіледі.

Есепті кезеңде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды анықтау, олардың жеке қажеттіліктерін бағалау және қажетті әлеуметтік қолдау түрлерін айқындау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жыл басынан бері 21 жалғызбасты және жалғыз тұратын азамат анықталып, үйде қызмет көрсетуге қабылданды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін:

- Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығына – 3 адам;

- Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығына – 2 адам;

- Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығына – 4 адам;

- Бишкүл ауылындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығына – 3 адам жіберілді.

 Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету

 Бөлім 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді.2026 жылы барлығы 1 112 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 150 мемлекеттік қызмет, бұл 13,4 %;

- электрондық үкімет арқылы электрондық түрде – 231 мемлекеттік қызмет, 20,8 %;

- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 457 мемлекеттік қызмет, 41,1 %;

- проактивті форматта – 185 мемлекеттік қызмет, 16,6 %;

- екінші деңгейдегі банктер арқылы – 89 мемлекеттік қызмет, 8,0 %.

Бұл ретте 172 қызмет алушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартылды.

 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 21 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

- жеке тұлғалардың өтініштері – 12;

- заңды тұлғалардың өтініштері – 9;

- жеке қабылдау – 0.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

 Айыртау ауданы әкімдігінің

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің

         басшы                                                                                О.Брюханова

Дата публикации
08 октября 2026