«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-нің 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
2026 жылдың 1 тоқсанында «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-мен 47 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
Мемлекеттік қызмет сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі - Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/program-bank.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылардың т.а.ә.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары орналастырылған.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
2026 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2026 жылғы 19 наурызда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізілді.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-де мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы және сапалы көрсетiлуiне бақылау жүргiзiледi.