«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-нiң 2025 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп
2025 жылдың 12 айында «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-мен 151 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
Мемлекеттік қызмет сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі - Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/program-bank.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылардың т.а.ә.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары орналастырылған.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2025 жылғы 25 сәуірде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді, 2025 жылғы 01 желтоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-де мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы және сапалы көрсетiлуiне бақылау жүргiзiледi.