«СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау туралы хаттама
Саумалкөл ауылы 2025 жылғы 25 сәуір
Төрағалық етті:
Аудан әкімдігінің
экономика және қаржы
бөлімінің басшысы М. Рамазанова
Қатысқандар: Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің жауапты қызметкері, экономика және қаржы бөлімінің бас мамандары.
КҮН ТӘРТІБІ
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті экономикалық саясат және жоспарлау секторы бас маманының м.а. К. Ланг оқыды.
Ұсыныс сұрақтары бола ма?
Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
- қолданыстағы заңнамаға, ережелер мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- "Электрондық Үкімет"порталы арқылы көрсетілетін қызметтер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып, есептерді жария талқылауды жүргізу.
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мерзімдердің, бизнес-процестердің және жұмыс уақытының кестесінің сақталуын қамтамасыз ету.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау «СҚО Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты бас маманының м.а. К.М.Лангқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
экономика және қаржы
бөлімінің басшысы М. Рамазанова
Бас
маманының м.а. К. Ланг