«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-нiң 2024 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп

«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-нiң 2024 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп

 

2024 жылдың 12 айында «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-мен 55 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

  • қағаз түрiнде - 0 мемлекеттiк қызмет;
  • қағаз нысанда, бiрақ «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлуi мүмкiн қызметтер - 0;
  • Мемлекеттiк корпорация арқылы - 0 мемлекеттiк қызметтер;
  • «Электрондық Үкiмет» порталы арқылы - 0мемлекеттiк қызмет;
  • Баспана Маркет порталы арқылы - 55мемлекеттiк қызмет.

Мемлекеттік қызмет сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі - Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/program-bank.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылардың т.а.ә.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары орналастырылған.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.

2025 жылдың 1 тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2025 жылғы 21 ақпанда Айытау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас маманы ауданның экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсететін маманымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізді, 2025 жылғы 9 сәуірде қажетті мамандықтардың өзекті тізбесі жарияланды.

 «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-де мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы және сапалы көрсетiлуiне бақылау жүргiзiледi.

Дата публикации
07 апреля 2025