«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-нiң 2024 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп
2024 жылдың 12 айында «Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-мен 193 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
Мемлекеттік қызмет сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі - Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/program-bank.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылардың т.а.ә.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары орналастырылған.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2024 жылғы 15 тамыздағы «Айыртау таңы» және 2024 жылғы 15 тамыздағы «Айыртау таңы» аудандық газеттерінде Мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, 2024 жылғы 20 мамырда және 2024 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел, 2024 жылғы 27 наурызда және 2024 жылғы 12 тамызда әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізілді.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ-де мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы және сапалы көрсетiлуiне бақылау жүргiзiледi.