«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-де 2024 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-де 2024 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы        6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі бұйрығымен айқындалған.

Аудан орталықтарында 2500 АЕК – 9 230 000 теңгеге дейінгі мөлшерде, ауылдық елді мекендерде жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген  2000 АЕК - ке дейінгі мөлшерде-7 384 000 теңге.

2024 жылдың 3 тоқсанында 41 қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

34 маманға 12552,8 мың теңге сомасына көтерме жәрдемақы берілді;

7 маманға 62764,0 мың теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер берілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылғы 12 тамызда «Дипломмен ауылға!» https://www.facebook.com/100022696514681/videos/1632695910886490/ Facebook сайтында тікелей эфмр жүргізілді, «Айыртау зори» және «Айыртау таңы» баспа БАҚ 2024 жылғы 15 тамыздағы № 32 «Дипломмен ауылға!» жобасы туралы жарияланымдар орналастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» қойындысында жүргізіледі https://www.gov.kz/memleket/entities/airtau-oef?lang=ru

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің

экономика және қаржы бөлімінің басшысы                                                                                М.Рамазанова

Дата публикации
10 октября 2024