Меню

Страницы

Статья

Айыртау ауданы Қоғамдық кеңестің V кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 26 маусымында аудан әкімдігінің кіші залында Раушан Тілеубаеваның төрағалығымен, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Асқар Баймұқановтың қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс жұмысына жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:

  1. "Айыртау ауданы әкімдігінің Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы";
  2. "Айыртау ауданында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту туралы";
  3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы"Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  4. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 2 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдардың жұмыста одан әрі пайдалануы үшін қаралған әрбір мәселе бойынша ұсынымдар қабылдады.

 

Дата публикации
03 июля 2023
Дата обновления
03 июля 2023
Тип

Сейчас читают

14 апреля 2026
Жер ресурстары туралы ақпарат
28 ноября 2024
ҚР ҰБ пен ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2024 жылдың 1 қарашасындағы инвестициялық портфельдері  
12 июня 2024
Айыртау ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы