Ағымдағы жылдың 10 мамырында «AMANAT» партиясының аудандық филиалында Раушан Тілеубаеваның төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:
- «Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» № 7-23-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі №89 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдардың жұмыста одан әрі пайдалануы үшін қаралған әрбір мәселе бойынша ұсынымдар қабылдады.