11 маусымда Болат Рахимовтың төрағалығымен Айыртау ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: «Айыртау ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6-49-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «СҚО Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы, үшінші мәселе — «Айыртау мұнай базасы» ЖШС директоры Ж.Қ. Абажановтың өтініші.