«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Айыртау Тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын мемлекеттік-жекешелік әріптестікте құру туралы хабарлайды.
Кәсіпорынның басқару органы «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні, қауіпті емес қалдықтарды жинау және аумақтарды абаттандыру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
Анықтама алу үшін 21-8-17 телефон арқылы хабарласуға болады.
"Сұңқар" жабық хоккей корты
2024 жылы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында жабық хоккей кортының құрылысы аяқталды. Пайдалануға қабылдау актісіне 04.10.2024 жылы қол қойылды.
"Sports equipment" ЖШС мердігерлік ұйымы
"Есіл-Строй-сараптама" ЖШС техникалық қадағалау
Шарт бойынша сома 115 165 456,09 тг.
2024 жылғы 08 қарашада "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірінші жартыжылдықтағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау өткізілді