«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нiң 2024 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп
2024 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ 176 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру» - 0
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» - 0
«Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою» - 1
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "Электрондық үкімет"порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауаптылардың т.а. ә.) орналастырылды. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда да, Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкімет"порталы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Азаматтарды электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында бөлімде Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда халық электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізеді.