Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 859 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
5) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және пайдаланылатын объект түсініледі;
6) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
8) қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлеріне берілетін тұрғынжай;
8-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
10) тұрғын үйдің қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
11) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш берген тұлға;
12) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
13) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
14) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
15) ведомстволық тұрғын үй қоры – мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғын үйлер;
16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2015 № 1072 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 859 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Үкіметінің 06.06.2024 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын жайларға теңестiрiлген тұрғын жайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғын жайды өтеусіз жекешелендіреді.
Қызметтiк тұрғын жайға теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) ұйымның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына;
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына;
3) зейнеткерлікке шығуына;
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты негіздер бойынша тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, олар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Қызметтік тұрғынжай берілген жұмыскер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрған болса, олар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтізбемен есептегенде он жыл және одан көп әскери қызметте болған әскери қызметшілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғынжайды осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртіппен (жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғынжайларды қоспағанда) жекешелендіруге құқылы.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтізбемен есептегенде он бес жыл және одан көп әскери қызметте болған әскери қызметшілер күнтізбемен есептегенде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғынжай берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар:
күнтізбемен есептегенде жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген;
күнтізбемен есептегенде он және одан көп жыл еңбек сіңірген және мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
7-1) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну нәтижесінде қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын жайды жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
10) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
11) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
12) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 637 қаулысымен.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2018 № 637; 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда жекелеген тұрғынжайды жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
1-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) уақытша құрылыстардағы;
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
5) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
7) бұзылуға тиіс;
8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8-1) ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген;
9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.12.2015 № 1072 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.06.2024 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыз немесе одан аз үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11-1. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;
4) Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-9-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса немесе Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары.
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) мемлекеттiк мекемелер "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына;
2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүргізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы қабылданған шешім туралы және Беру қағидаларына сәйкес ресімделген мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) туралы мәліметтерді жұмыс органы Порталға тұрғынжайға құқықтар құқықтық кадастрда қайта тіркелген күннен бастап үш күндік мерзімде енгізеді.
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қалдық құны он бес миллион теңгеден аз тұрғынжай он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге беріледі.
Қалдық құны он бес миллион теңгеден асатын тұрғынжай он бес жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге беріледі.
Тұрғынжайды жекешелендіретін азаматтар тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғынжай құнының кемінде он пайызы мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді.
Тұрғынжай құнын бөліп төлеу шарттары мен мерзімдері тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бөліп төлеуді ескергендегі төлемнің жалпы сомасы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғынжайдың құнын төлеу графигінде көрсетіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тұрғын үй құнының жартысынан көбін төлеген өтініш беруші кесте бойынша алты айдың ішінде тұрғын үйдің құнын төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты бұзбай сот тәртібінде берешекті өндіріп алады.
|
|
Мемлекеттік тұрғын үй |
Тұрғынжайды жекешелендіру туралы № ____ үлгі шарт
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2025 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20__ жылғы "___" ____________
___________________________________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің және елді мекеннің атауы)
___________________________________________________________атынан
(жергілікті атқарушы органның атауы)
бұдан әрі "Меншік иесінің өкілі" деп аталатын ___________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
және бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын азамат
____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – "Тараптар" аталып) төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1-тарау. Шарттың нысанасы
1.1. (Бұл тармақ тұрғынжайды оның құнын өтеп алған жағдайда толтырылады).
1) Мына мекенжай бойынша орналасқан: _________________ тұрғынжайға
меншік құқығын Меншік иесінің өкілі береді, ал Сатып алушы және онымен үнемі
бiрге тұратын, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
оның құнын 20__ жылғы "___" ___________________ дейін төлейді
(тұрғынжай құны бөліп төленген жағдайда төлем осы шартқа қосымшаға сәйкес
тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша жүргізіледі) және оны бірлескен ортақ
меншікке алады;
2) тұрғынжай:
жалпы ауданы __ м2, оның ішінде тұрғын ауданы __ м2, тұрғын емес ауданы __ м2;
3) тұрғынжайды меншігіне алған соң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес
Сатып алушыға өтеді;
4) тұрғынжай құны _______________ теңге сомасында деп белгіленеді;
(цифрлармен және жазумен)
5) Сатып алушы тұрғынжай құнын ___________________ теңге сомасында
(цифрлармен және жазумен)
күнтізбелік отыз күн ішінде төлейді, бұл 20__ жылғы "__" _____ № ____
_____________________________
(түбіртек, шот-фактура немесе төлем туралы чек)
құжатпен расталады не осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу
графигі бойынша тұрғынжай құнын _______ жылға дейінгі мерзіммен бөліп төлейді;
6) тұрғынжайға меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген күнінен бастап туындайды.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұрғынжай құнының толық төленуі тұрғынжайға меншiк құқығының туындауы үшін негіз болып табылады.
1.2. (Бұл тармақ тұрғынжай өтеусіз берілген жағдайда толтырылады).
1) Мына мекенжай бойынша орналасқан:
_______________________________ тұрғынжайға меншік құқығын Меншік иесінің
өкілі береді, ал Сатып алушы және онымен үнемі бiрге тұратын, оның ішінде уақытша
тұрмайтын отбасы мүшелерi__________________________________________
___________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
ортақ бірлескен жеке меншікке алады;
2) тұрғынжай:
жалпы ауданы ___ м2, оның ішінде тұрғын ауданы __ м2, тұрғын емес ауданы __ м2;
3) тұрғынжайды меншігіне алған соң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес Сатып алушыға өтеді;
4) тұрғынжай құны ______________________________ теңге сомасында
(сандармен және жазумен)
белгіленеді;
5) тұрғынжайға меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген күнінен бастап пайда болады.
Осы Шартқа Тараптардың қол қоюы тұрғынжайға меншік құқығының пайда болуына негіз болып табылады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Меншік иесінің өкілі:
1) азамат тұрғын үйдің құнын төлем графигі бойынша төлемеген жағдайда сотқа өтініш бергенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Сатып алушыға хабарлама жібере отырып, осы шартты сот тәртібінде бұзуға;
2) осы шарт бойынша төлемнің уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
2.2. Сатып алушы:
1) тұрғынжайдың толық құнын төлеп не тұрғынжайды оның құнын өтеп алатын болса,
_____________________________ жыл мерзімге дейін бөліп төлеу;
(бөліп төлеу мерзімі көрсетіледі)
арқылы жекешелендіруге;
2) тұрғынжай оның құны бөліп төлеу арқылы өтеліп алынатын болса, жекешелендірілетін тұрғынжай құнын мерзімінен бұрын өтеуге;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін Меншік иесінің өкіліне тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалған және ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығындағы төлем сомасын өтеп, өз бастамасымен осы шартты бұзуға құқылы.
2.3. Меншік иесінің өкілі:
1) Сатып алушыға сотқа өтініш бергенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын осы шартты сот тәртібімен бұзу туралы хабарлама беруге;
2) осы шарт бойынша, оның ішінде _________________ жылға дейін бөліп
(бөліп төлеу мерзімі)
төлеу тәртібімен тұрғынжай құнының төлемін қабылдауға;
3) тұрғынжайды жекешелендіру туралы тұрғынжай құнын бөліп төлеу көзделетін шарт бұзылатын болса, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалған және ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғынжай құнына төленген соманы шегеріп, тұрғынжай құнын өтеу үшін енгізілген соманы тұрғынжайды жекешелендіретін азаматтарға қайтаруға;
4) тұрғынжайдың құны толық төленетін болса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, Сатып алушы тұрып жатқан тұрғынжайды оның меншігіне беруге (тұрғынжай оның құны өтеліп Сатып алынатын болса);
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, Сатып алушы тұрып жатқан тұрғынжайды оның меншігіне беруге (тұрғын үй өтеусіз алынатын болса) міндетті.
2.4. Сатып алушы:
1) тұрғынжайды оның құнын өтеп алған кезде тұрғынжай құнын күнтізбелік отыз күн ішінде төлеуге;
2) тұрғынжайды оның құнын бөліп төлеу арқылы өтеп алған кезде осы шартта белгіленген тұрғынжай құнының он пайызынан кем болмайтын мөлшерде бастапқы жарна енгізуге, сондай-ақ осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша тұрғынжай құнын төлеуге;
3) осы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
4) Меншік иесінің өкілі сұратқан кезде тұрғынжай құнының төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға;
5) тұрғынжай өтеусіз алған кезде тұрғынжайды меншікке қабылдауға;
6) тұрғынжайды оның құнын өтеп алған кезде тұрғынжай құнын толық төлегеннен кейін тұрғынжайды меншікке қабылдауға міндетті.
3-тарау. Басқа шарттар
3.1. Осы шарт Сатып алушы, Меншік иесінің өкілі үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды және ол Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
4-тарау. Тараптардың деректемелері мен қолдары:
|
Меншік иесінің өкілі |
Сатып алушы |
||
|
___________________________ |
________________________ |
||
|
___________________________ |
________________________ |
||
|
___________________________ |
________________________ |
||
|
________________________ |
________________________ |
||
|
________________________ (деректемелері), мөр орны (бар болса) |
________________________ (деректемелері) |
||
|
|
Тұрғынжайды жекешелендіру |
||
Тұрғынжай құнын төлеу графигі
|
Р/с № |
Төленетін сома (теңгемен) |
Төлеудің тиісті мерзімі (күні, айы, жылы) |
Төлеудің нақты мерзімі (төлемді растайтын түбіртектің немесе құжаттың нөмірі көрсетіледі) |
||
|
1 |
|
20 жылғы қаңтар |
20 жылғы " " № |
||
|
2 |
|
20 жылғы ақпан |
20 жылғы " " № |
||
|
3 |
|
20 жылғы наурыз |
20 жылғы " " № |
||
|
4 |
|
20 жылғы сәуір |
20 жылғы " " № |
||
|
|
Қазақстан Республикасы |
||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қызмет бабында пайдалану үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
"Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен берілген 2-қосымша "Заң" деректер базасына енгізілмейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК