«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық мәселелері бойынша сектор меңгерушісі – бас бухгалтер,

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі 44,  анықтама үшін телефон 8(71533) 21483, факс 8(71533) 22646, электрондық мекенжай: d.baigazzieva@sko.gov.kz, рұқсат етілген файлдар өлшемі: 20 аспауы тиіс, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық мәселелері бойынша сектор меңгерушісі – бас бухгалтер, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226 837 теңгеден 260 564  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімдегі бухгалтерлік есепті, бөлім қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуді, ҰФП-ға аударуды қамтамасыз етеді, салық, қаржы және статистика органдарына қажетті есептерді ұсынады.

Негізгі кітапты жүргізеді және негізгі құралдардың, бөлімнің барлық тауарлық-материалдық құндылықтарының есебі мен қозғалысын жүргізеді.

Жанар-жағармай, электр энергиясы және телефон тұтыну лимиттерінің сақталуын бақылайды.

Бюджеттің атқарылуына сметаларды, есептерді және бухгалтерлік баланстарды жасап, ауданның экономика және қаржы бөліміне ұсынады.

Бюджет қаражатының жұмсалуын, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

Бөлімнің тауарлық-материалдық құндылықтарын түгендеуді ұйымдастырады және жүргізеді.

Бухгалтерлік есеп құжаттарын, есепке алу регистрлерін, олар бойынша шығындар сметасын және есеп-қисаптарын, есептер мен басқа да құжаттарды сақтауды жүзеге асырады, мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіппен ресімдейді.

Жұмыстарды, тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды (техникалық шарттарды) дайындауды ұйымдастырады және өткізеді.

Мердігерлермен шарттарды ресімдеуді және жасасуды ұйымдастырады.

Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған мемлекеттік қаражатты бөлуде ұсыныстар әзірлеу.

Қаржыландыру жоспарлары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық басқармаларға, аудан әкімдігіне, ұйымдар мен мекемелерге кіріс және шығыс хат-хабарлармен сапалы және уақытылы жұмысты қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: Бизнес, басқару және құқық (Экономика, Есеп және аудит, Қаржы)) бейіні бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: Бизнес, басқару және құқық (Банк және сақтандыру ісі).

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстар өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.    

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты ғимаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі www.airtau.sko.gov.kz және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органының gov.egov.kz. интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

      

Дата публикации
26 февраля 2024