
ҚР АШМ Агрөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қызметкерлері 2025 жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласында өткен «Өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың интегралды жүйесі: тұрақты Ауыл шаруашылығы тәжірибелерін ілгерілету» семинарына қатысты. Іс-шара барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерімен күресудің химиялық әдісінен басқа қауіпсіз балама әдістерді енгізу мақсатында әзірленген өсімдіктерді қорғаудың интегралды жүйесі жөніндегі жоба талқыланды.