а.ж. 22 қаңтар күні Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Мәжіліс 2022 жылғы 10 мамырда Анкарада қол қойылған Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Заң жобасы туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ермек Кенжеханұлы баяндады.

Қазақстан мен Түркия өсімдіктер карантині мен оларды қорғау туралы келісімге келді.
Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Келісімге 2022 жылы 10 мамырда Анкара қаласында қол қойылған.
Мақсаты – фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін өсімдіктер карантині мен оларды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.
Құжатта мына міндеттемелер белгіленген:
- құқықтық актілер, карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбесін және өсімдіктер карантині мен оларды қорғауға қатысты басқа да ережелер алмасу;
- фитосанитариялық жағдай және карантиндік зиянды организмдерді анықтау және олардың таралу жағдайлары, оларға қарсы күрес пен бақылау тәсілдері туралы хабардар ету;
- өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Сондай-ақ келісімде әкелінетін жүктерге қатысты талаптар регламенттеліп, карантинге жатқызылған материалдарға импорттық және экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі бірлескен шаралар реттеледі.