Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынуды қарастыру бойынша жиналыс өткізілді

Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынуды қарастыру бойынша жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылғы 25 желтоқсанда Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы С.Каныбековтың төрағалығымен облыстық аумақтық инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарымен ZOOM-платформасы арқылы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оларды алдын-алу жұмыстары бойынша  жиналыс  өткізілді.

Аталған жиналысқа  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеу басқармасының бөлім  басшысы З.Садыков  және тергеушісі А.Исаков  қатысып, баяндама жасады.

        Жиналыс барысында облыстық аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына мемлекеттік қызметтерді заңнама талаптарына сәйкес көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту шеңберінде  бірқатар тапсырмалар берілді.