Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Ағымдағы жылдың 2-3 қазанында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Төрағасы Дархан Есентемірұлы Әбдікәрімов ЕАЭО делегациясын санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Сымбат Бегалыұлы Қалиасқаров, сонымен қатар, санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар Департаментінің фитосанитариялық шаралар бөлімінің басшысы Игорь Владимирович Гаевский кездесті.

Осы кездесу барысында қатысушылар карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер жобаларына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, № 59,60,61 жалпы процестерді іске асыру және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және алқа шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) шеңберінде карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, материалдар, тауарлар) партияларын қадағалау тәртібі мәселелері айтылды.Сондай-ақ, № 59,60,61 жалпы процестерді іске асыру және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және алқа шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) шеңберінде карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, материалдар, тауарлар) партияларын қадағалау тәртібі мәселелері айтылды.