ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР АШМ аппараты басшысының м.а. 2024 жылғы 1 қазанда бұйрығымен Саят Сарқытбайұлы Сакмолдин ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Саят Сарқытбайұлы 1999 жылы Алматы зоотехникалық ветеринариялық институтын, 2003 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында, Алматы облысы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2019 жылдан 2022 жылға дейін ҚР АШМ АӨК МИК Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болды.

2022 жылғы 20 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарды.