
Жамбыл облысының «Қарасу» ФББ-не фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін 35 тонна картоп қайтарылды, яғни қаптарда міндетті таңбалау болмаған.
ӘҚБтК-ге сәйкес өнім өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, сондай-ақ барлық өнім экспорттаушы елге қайтарылды.
Анықтама: бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің әрбір қаптамасына Өнімнің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлігі, өндіріс орны туралы ақпаратты қамтитын таңбалау қойылады.
Сонымен қатар, Батыс-Қазақстан облысында орналсқан «Сырым» ФББ-де талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер кері қайтарылды.
Ресей Федерациясына фитосанитарлық сертификаттың жарамсыздығына байланысты 45 тн кептірілген ноқат өнімдері, сондай-ақ, фитосанитарлық сертификатсыз (4 автокөлік) келген 14 тонна жемістер кері қайтарылды.