Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарымен ZOOM-платформасы арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес және оны алдын-алу мәселесі бойынша жиналыс өткізді.
Аталған жиналысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Ж.Жылқышиева қатысып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты бойынша баяндама жасады.
Жиналыс соңында облыстық аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шараларды күшейту шеңберінде бірқатар тапсырмалар берілді.