Абай облысында жылқыларды апробациялау жүргізілді

Абай облысында жылқыларды апробациялау жүргізілді

2024 жылдың тамыз айында Абай облысы Бесқарағай ауданының «Азамат-2» АӨК шаруашылығында Мұғалжар жылқы тұқымының «Бақай 71-89 зауыттық аталық ізі», «Заман 55-88 зауыттық аталық ізі», «Ертіс зауыттық типі» сынақтан және байқаудан өткізілді. Жаңа селекциялық жетістіктердің ерекшеліктері, біртектілі және тұрақтылығы аңықталды.

Жаңа селекциялық жетістіктер «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңының 10 бабы талаптарына сәйкес екені анықталды.

Бұл жетістіктердің жаңалығы жоғары тірі салмағы және ұша салмағымен ерекшеленетін, жоғары өнімді мұғалжар тұқымды жылқылары болып табылады.