Қытайға көшеттер партиясы қайтарылды

Қытайға көшеттер партиясы қайтарылды

Фитосанитарлық талаптарға сай келмейтін сәндік ағаш көшеттері Қытай Халық Республикасына қайтарылды.

2024 жылдың 9 қыркүйегінде «Қорғас» ФББ-де тамырында рұқсат етілген нормадан 0,1%-дан асатын көшет партиясы анықталды. Аталған заңбұзушылыққа байланысты өнім иесіне «Өсімдіктер карантині туралы» Заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, бүкіл партия ҚХР-ға кері қайтарылды.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отырғызу материалдары топырақтан таза болуы керек, өйткені ол карантиндік объектілердің әлеуетті тасымалдаушысы бола алады.