
Өткен аптада ҚР АШМ АӨК МИК өсімдіктер карантині басқармасының басшысы ЕО талаптарына сәйкес енгізілген шекаралық бақылау рәсімдерімен танысу үшін Еуропалық Одаққа мүше ел Латвияға барды.
Танысу сапарының мақсаты Орталық Азия қызметтерін шекаралар арқылы жүктердің заңды қозғалысын жеңілдету үшін институционалдық, техникалық және нормативтік шараларды енгізуге ынталандыру үшін ЕО талаптарына сәйкес шекаралық бақылау рәсімдерін практикалық іске асыруда озық тәжірибе алмасуға және түсіндіруге бағытталған. ЕО-ның сыртқы шекарасына терең танысу сапары барысында теміржол өткізу пунктін, сондай-ақ теңіз өткізу пунктін қоса алғанда, жер үсті шекаралық өткізу пункттерінің мысалдары қаралды.
Сондай – ақ, мемлекеттік ғылыми институт-BIOR және Ұлттық фитосанитариялық зертхананың жұмысымен таныстыру жүргізілді.