2024 жылғы 10 шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі И. Аметовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау мақсатында ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы және қызметкерлерімен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшінің этикасы, ең алдымен, қоғамның мемлекеттік қызметшіге қойылатын моральдық талаптарын білдіретін этикалық қағидаттар мен нормаларды қамтитын мінез – құлық кодексі екендігі бірнеше рет атап өтілді.
Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті, әріптестерімен ресми мінез–құлық ережелерін сақтауға, кішіпейіл болуға, азаматтармен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі тиіс.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер өздерінің іс-әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауы керек.
Кеңес қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілер ҚР Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауы тиіс екенін еске салды. Мемлекеттік қызметші – бұл ұлт пен мемлекеттің тұлғасы, оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстаған жөн.
Сондай - ақ, кеңеске ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Сәрсенбин, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р. Шәріпов, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қатысты, сондай-ақ ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері.