ҚР АШМ АӨК Мемекеттік инспекция комитет төрағасының м.а. Ақтөбе облысына қызметтік іс-сапары туралы

ҚР АШМ АӨК Мемекеттік инспекция комитет төрағасының м.а. Ақтөбе облысына қызметтік іс-сапары туралы

Үстіміздегі жылдың  16-18 мамыр күндері Ақтөбе облысына ҚР АШМ АӨК МИК төраға м.а. Д.Абдикаримов жұмыс сапарымен келіп, бірқатар аудандардың шегірткеге қарсы жүргізіліп жатырған жұмыстарымен танысты. ҚР АШМ АӨК МИК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Д.Сагиров, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Ғ.Жолаевпен бірге Әйтекеби ауданында болып, аудан әкімі Д.Тоғызбаевтың төрағалығымен өткізген аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес аудандық штабының отырысына қатысты. Ауыл шаруашылығы құрылымдары және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесіп, үйірлі шегірткеге қарсы тиімді күресу жолдары бойынша жүргізілетін іс-шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, Әйтекеби ауданындағы «Комсомол» ЖШС-де болып, бүріккіш техникаларының дайындығын қарады. Серіктестіктегі үйірлі шегірткеге қарсы жүргізіліп жатырған барлық жұмыстармен танысты.

 2024 жыл 18 мамырда Д.Абдикаримов бастаған жұмыс тобы Ырғыз ауданында болып, аудан әкімі Н.Қызбергеновпен бірге аудан бойынша  аса қауіпті зиянды организм үйірлі шегіртке дернәсілдері бар аумақтарды аралап, таралудың алдын алу жұмыстарын көріп, қосымша химиялық өңдеу шаруаларының ұйымдастырылуын тапсырды.